Мұғалімнің мінездемесін жазу үлгісі, мінездеме ұстазға

0
741
Бастауыш сынып мұғалімі Мұратова Санияға

Қызметтік мінездеме
Мұратова Сания Құрақбайқызы Тараз педагогикалық институтының түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Ол еңбек еткен 12 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Аудандық «Үздік әдіскер – 2018» байқауына қатысып «Жаңашыл әдіскер» номинациясына, «Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауында да «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясына ие болды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін 2 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс – жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш – жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Санияның еңбегі ерекше.
2018 жылы «Бастауыш сынып» журналының №8 санында «Шаршы салу және оның периметрін табу» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Аудандық тамыз кеңесінде «Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындарды тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесін мұғалімдермен бөлісті. 2018 – 2019 оқу жылында әдебиеттік оқу пәнінен «Ақша қар» тақырыбында ашық сабағы, «Ойнайық та, ойлайық!» атты интеллектуалды ойын мен «Ардақты ұстазым» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды.

«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар Сания бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Мұратова Сания заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ж. Маратов

Директордың оқу ісі
жөніндегі меңгерушісі: А. Маханбаева

Дереккөз: http://bilimsite.kz/