Жоғалып кеткен Валерия Погребняктың өлі денесі табылды

0

Бойжеткенді көміп тастаған.

Алматы полициясы 20 жастағы Валерия Погребняктың өліміне қатысты қылмыстың ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД сілтеме жасап.

25-қаңтар күні полицияға Алматы облысы Қарасай ауданында тұратын бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

Тергеу тобы іздестіру ісі аясында қыздың тұрған жерін анықтау үшін жедел іс-шаралар ұйымдастырған.

«Сонымен қатар, оның досы — 2000 жылғы Б. есімді азаматтың берген түсінігі тексерілді. Ол азаматша Погребняк жоғалып кеткенге дейін онымен бірге болған. Оның берген мәліметтері жедел шаралармен ұштас келді. Жүргізілген шаралар барысында Б. есімді азаматтың жоғалған қызға қатысы бар болып шықты. Тергеу барысында ол бойжеткенді өлтіргенін мойындап, денесін тығып қойған орынды көрсеткен», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, олар жанжалдасып қалған, артынша күдікті қызын өлтіріп, бойжеткеннің денесін өздері тұрған ауылға жақын маңда көміп тастаған. Қылмысқа қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

«Б. есімді азамат берген жауаптарға қарағанда олар ауылдан шыға берісте жанжалдасып қалған, нәтижесінде ол Валерияны өлтірген. Қылмысты жасыру үшін қыздың денесін көміп тастаған. Өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, ол қыздың ата-анасына барып, қыздарының оны қалаға жеткізіп салуын өтінгенін, сосын еш себепсізден себепсіз кетіп қалды деп, жалған ақпарат берген», — деді ПД өкілдері.

Әуезов аудандық Полиция басқармасындағы іздестіру бойынша тіркелген іс өзгертілді, адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Б. есімді азаматтың ісі Алматы облыстық Полиция департаменті Қарасай аудандық полиция басқармасына беріледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/