28 қаңтардағы ауа райы: боран, көктайғақ, жел

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

185 0 0

Еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап Қазақстанның басым өңірінде ауа райы ашық болады деп болжанып отыр. Дегенмен еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында бұрқасындатып, көктайғақ болады, тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарына қатысты.  

Өңірлерде ауа райы қандай болады 

Қостанай, Ақтөбе облыстарында да ауа райы осыған ұқсас болады. Атырау және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп,  секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Дүйсенбі күні Шымкентте ауа райы ашық болады – ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріледі, түнде термометр нөл градусқа дейін төмендейді.

28 қаңтарда Алматыда да ауа райы жылы болады, алматылықтар күні бойы күн сәулесіне қыздырына алады – ауа температурасы 5 градус жылы болса, түнде температура төрт градусқа дейін төмендейді. 

Дүйсенбі астаналықтар үшін аязды болады – ауа температурасы минус 20 градусқа дейін төмендейді, күн ашық. Түнде сынап бағанасы минус 32 градусқа дейін төмендейді.

Дабылды ескерту

«Қазгидрометтің» синоптиктері бес өңірде дабылды ескерту жариялады. 27 қаңтар мен 28 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді.

Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде 35 градус, кей жерлерде 38 градус аяз болады.

 Шығыс Қазақстан облысында 28 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында ауа температурасы түнде 28-ден 33 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 37-ден 42 градусқа дейін аяз болады. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/