Ұлыстың ұлы күні: «Қырқынан шығару» салт-дәстүрі

0
216









Ұлыстың ұлы күні: «Қырқынан шығару» салт-дәстүрі

Автор: Ешжанова Маржангул Калдыбековна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

жас мамандарға арналған




Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шараТақырыбы: «Қырқынан шығару» (салт-дәстүрін көрсету).

Ата-салтым-асылым мұрам,ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгініме жалғадым..Қазақ халқы ырымшыл әрі тойшыл халық.Баланың дүниеге келгенінен бастап,қартайған шағына дейін салт-дәстүр бойынша тойлап келген.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кележатқан игі дәстүрлердің бірі- баланы қырқынан шығару.Қазақ жеріне ислам діні келгенге дейін тәңіршілдік сипат алғаны белгілі.Осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан наным-сенімдер осы кезеңнен қалса керек.Ал енді осы қырқынан шығару дәстүріне көз жүгіртіп көрейік…Жалпы қазақ халқының әр дәстүрінің артында терең мағына мен қандай да бір сыр жатыр.Қазақ жаңа туған нәрестені «бөтен көзге»(Жақын туыс-туғандарынан басқа) қырқынан шықпағанға дейін көрсетпеген.Сәбиді қолдарына алып жұбатқанымен,үлкен кісілер баланың бетінен сүймеген.Жаңа туған нәресте аурушаң болады деп қорыққан.Бұны ежелден білген халқымыз осы ең қауіпті деген алғашқы 40 күннен,яғни өтпелі кезеңнен сәби аман-сау өткен соң той жасайды екен.Бұл рәсімді «балвны қырқынан шығару»деп атайды.Бала қырқынан шыққаннан кейін ғана ол өмірге қадам басады. « сүт тырнағын», « қарын шашын» осы уақытта алады.Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып,ақ шүберекке түйіп,тұмарша етіп,баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап кояды,ал « сүт тырнағын»адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын» деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік,күміс білезік сиякты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Себебі,күміс шайтаннан, жыннан сақтайды деген сенім бар.Сондай-ақ,қырық шелпек пісіріп,келген қауымға таратады.Әдетте,ер баланы ерте жетіледі,жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. Ер бала қырқынан ұзақ уақыт шықпаса, ынжық, ұсақ адам болып қалуы мүмкін деген ырым бар.Ал қыз бала, керісінше,жеңілтек болып кетпесін,байсалды,орнықты әрі салмақты болсын деп анық қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған.Негізі,суға салынған әр заттың мағынасы бар.Баланы шомылдыратын суға күмісті «бала адал,ақ,пәк болсын» деп салады.40 қасық суды «ырзығы мол болсын» деп құяды екен.Баланы шомылдыру дәрежесі ез келген әйелге емес, ел арасында сыйлы,көп балалы ана атанған,үлгі боларлықтай адамға бұйырған.Баланың басына қасықтап су құйған сайын жиналғандардың әрқайсысы өз тарапынан тілектерін білдірген…Шомылдыру барысында үлкен кісілер «30 омыртқаң жылдам бекісін,40 қабырғаң жылдам қатсын», «күнің күмістей жарқырасын» деп ақ тілектерін білдірген.Шомылдырған кісіге көйлектік мата,не қазақи киім сыйға тартылған.Соңынан барлық әйел су түбіндегі күміс бұйымдар мен әшекейлерді өзара бөлісіп алған.Қырқынан шыққан бала адам қатарына қосылды, қауіпті кезеңнен өтті деп салып,ел ішіне шыға бастаған.Қазақ дәстүріндегі қырқынан шығару рәсімінің ерекшелігі осындай болса керек…

Тақырыбы: «Баланы қырқынан шығару»

Ешжанова Маржангул Калдыбековна







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.