Дарынды балалар бағдарламасы, дарынды оқушылармен жұмыс, дарынды бала
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата — аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?
– Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО — ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.
– Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.
– Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.
– Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.
– Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.
Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.
Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.
Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.
Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте — ақ басталуы тиіс.
Дарынды балалардың белгілері:
— көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
— өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
— білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.
Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.
Міндеттері:
— Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;
— Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін — өзі тану арқылы білім алуы
— Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;
— Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;
— Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;
— Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;
— Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.
— Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;
Бағыттары:
— оқушылармен жұмыс;
— ата — аналармен жұмыс;
— педагогикалық ұжыммен жұмыс.
Кезеңдері:
1. Дайындық кезеңі
2. Сараптамалық
3. Ұйымдастырылған — әрекеттік;
4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы
1 — кезең – дайындық
Мақсаты:
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:
Мұғалімдер де, оқушылар да мынаны түсінгені абзал:
1. Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;
2. Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;
3. Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;
4. Оқушы тек өз — өзімен ғана салыстырылады;
5. Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;
6. Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;
Міндеттері:
— Нормативті негізді үйрену.
— Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.
— Міндеттерді үлестіру
— Жобаны іске асырудың материалды — техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.
Диагностика:
Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі.
Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:
— шығармашылық ойлау қабілеті;
— өзін — өзі бағалау деңгейі;
— төзімділік;
— әрекеттің тәуірлеу түрлері;
— сезімталдық күші;
— Сіз көшбасшысыз ба?
— Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?
— Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;
— Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;
Дарынды балалар бағдарламасы жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/