Жиын бос жиын
Жиын бос жиын
Автор: Кабиденова Гульжан Утельбаевна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-26
Материал туралы қысқаша түсінік
жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді;
жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды
Сабақ тақырыбы: | Жиын. Бос жиын | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: | ||
Ресурстар: | Жиын. Бос жиынзаттық суреттер. | |
Тірек сөздер | бос жиын. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды жиын ұғымымен таныстыру. Жиын ды белгілері бойынша жіктеуге, оларды жұп құрау арқылы салыстыра білуге жаттықтыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Жиын ұғымы заттардың жиынтығы, олардың ортақ атауы бар екені оқушыларға өткен сабақтардан таныс. Бұл сабақта осы алған білімдер жүйеленеді. Оқушыларды ешқандай элементі жоқ “бос жиын” ұғымымен таныстырыңыз.Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы ларға жиын ұғымын еске түсіруді ұсыныңыз. Оқу шыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— бірге жиналған және ортақ атауы бар заттарды қалай атауға болады? Мысал келтіріңдер.— Жиын элементтері дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.Оқушыларды топқа бөліңіз. Ол үшін заттардың суреттерін пайдаланыңыз: ойыншықтар, көліктер, жемістер, бунақденелілер. Cуреттерді төрт топқа бөліңіз:көбелек, қоңыз, шегіртке, ара;қуыршақ, юла, пирамида, құлтемір;ұшақ, мәшине, кеме, пойыз;таңқурай, құлпынай, қарақат, шие.Сыныптағы оқушы санына байланысты дайындаңыз. Суреттердегі заттарды геометриялық фигуралармен алмастыруға болады.Кейін оқушыларға дөңгелек кітаптардың жиы нын құруды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл жиында қанша элемент бар екенін сұраңыз. (0.) Оқушыларға элементтері жоқ жиын бос жиын деп аталатынын хабарлаңыз. Оқушыларға бос жиынға мысалдар келтіруді ұсыныңыз. Оларды оқулықтағы ере желермен таныстырыңыз.
Жиындар. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз. Оларға суреттерді мұқият қарауды, бірін ші сопақшада бейнеленген заттарды атап, топта талқылап, оларды бір сөзбен қалай атауға болатынын айтуды сұраңыз. Мысалы, түймедақ, қоңыраугүл, бақбақ — бұлар гүлдер жиынының элементтері. Осы тәріздес екі басқа жиынмен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Содан соң өз нұсқаларын айтуды сұраңыз. Тап сырманы жылдам орындаған оқушыларға өздерінің жиындарын және олардың элементтерін атауды ойластыруды тапсырыңыз.Жауабы:гүлдер, жануарлар, әріптер, сандар жиындары. |
Жиын элементтері. Жұппен жұмыс ұйымдас тырыңыз. Тапсырманы орындауға оқушыларға жет кілікті уақыт беріңіз. Жұптағы оқушыларға кезекпен жиында ұсынылған элементтерді атауды ұсыныңыз. Жиынның элементтерін ең бірінші ойлап тапқан оқушы жеңімпаз атанады.
Жауабы:ұқсас жауаптар: а) ыдыс: тостаған, тәрелке… ә) ағаштар: емен, қарағай… б) оқу құралдары: қаламсауыт, қалам… Артық элемент. Оқушыларға алдымен өздігі нен суреттерді қарап, жиындағы артық элементті табуды, кейін топта шыққан нәтижелерді талқылап, қағазға жазуды ұсыныңыз. Содан соң алынған жазбаларды тақтаға орналастырып, оларды оқып, жұмыс нәтижелерін салыстырады. Оқушылардан неге олар осы элементті артық деп санайтындарын және қай топ тапсырманы жақсы орындағаны туралы тұжырым жасауды сұраңыз. Жауабы:алмұрт; кітап; 3. Шығарып көр. Сыныпта суретке талқылау ұйым дастырыңыз. Олар сусын жиынына сәйкес сурет жоқ болғандықтан, оның бос деп санайтынына келу керек. Сосын әр жиындағы элементтерді санатыңыз.Жауабы: а) 7; ә) 5; б) бос жиын. Орындап көр. Оқушылар 8 бен 3 санының арасындағы сандар жиынын табуы керек. Ол үшін 8 бен 3-тің арасындағы барлық сандарды анықтап, сәйкес цифрларды жазады. Жауабы: а) 7, 6, 5, 4. Ойлан. Оқушылар мысал келтіріп, оны негіздеуі керек. |
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардан сабақта элементтері жоқ жиын дарды белгілеуде “бос жиын” сөз тіркесін қолдануды сұраңыз. Оқушылар сөйлегенде “элемент жиынға қатысты”, “элемент жиынға қатысты емес” ұғымдарын қолдануды қадағалаңыз. | Толықтыр. Оқушыларға әр жиынға қандай элементтер қосуға болатынын жұпта талқылауды ұсыныңыз, содан соң тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Кейін бірнеше оқушыдан олардың қандай элементтер қосқанын сұраңыз.Жинақта. Оқушыларға алдымен тапсырмада берілген барлық сөздерді оқуды ұсыныңыз. Қай жиын дарды жинауға болатынын топта талқылауды, cодан соң осы жиындарға басқа жиындардың элементтерін қосуға бола ма деп сұраңыз. Содан кейін дәптерде өздігінен жиындарды сопақшаға айналдыра сызуды, жетіспей тұрған элементтерді жазуды; әрбір жиында қанша элемент пайда болғанын санауды және жазуды ұсыныңыз. Бір оқушыдан өз жұмысын дауыстап айтуды сұраңыз. Қай жиындардағы элементтер саны бірдей екенін сұраңыз.Жауабы:Апта күндері: сейсенбі, жұма, сенбі — 7 элемент.
Жыл мезгілдері: күз — 4 элемент.Кемпірқосақ түстері: сары, көк — 7 элемент. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:жиындарға біріктіретін белгілер туралы біледі;бос жиынның қалай аталатынын білетін болады;жиынға жататын және жатпайтын элементтерді атай алады.Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Қандай жиынды бос жиын деп атайды?— Шаршы мен тіктөртбұрышты қай белгілері бойынша жиынға біріктіруге болады?— Піл, кит, керікті ше?— Ара, маса, шыбынды ше?Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.