Дамир Исмагуловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

0

Ресейлік этникалық қазақ әрі M-1 Global турнирінің бұрынғы чемпионы Дамир Исмагулов UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күнді айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC-дегі екінші жекпе-жегін Исмагулов 23 ақпан күні Прагадағы (Чехия) O2 аренасында өткізеді. Қазірше қарсыласы кім болатыны белгісіз. Бірақ, жеңіл салмақ дәрежесінде (70 келі) үш раундтық жекпе-жек өтетіні анық.

Кештің басты жекпе-жегінде поляк Ян Блахович пен бразилиялық Тиаго Сантос кездеседі (жартылай ауыр салмақ 93 келі).

Еске сала кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін өткен жылдың 2 желтоқсанында Аустралияда өткен турнирде жасады. UFC Fight Night 142 турнирінде ол жергілікті спортшы Алекс Горджесті төрешілердің шешімімен жеңген болаты.



prosports.kz