Қияметте 3 жер ғана адамның мекені болады
Күндердің күнінде Айша анамыз ардақты Пайғамбардан (с.а.у.): «Ол күні /қияметте/ жер мен аспан басқа жерлерге ауыстырылады. Әлем жалғыз өктем Алланың құзырында болады» (Ибраһим, 48), деген аятты оқып, біз сол уақытта қайда боламыз?, деп сұрақ қояды. Сонда Пайғамбар (с.а.у.):
— Біз ол уақытта сират көпірінде боламыз,-деген екен.
Сират көпірінен өтер уақытта адамдар үшін 3 жер ғана мекен болады. 1) жәннәт 2) жаһаннам 3) сират көпірі. Ол шаш қылынан да жіңішке, қылыш жүзінен де өткір, астында қара түнек тозақ болады.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы
Дереккөз: http://kazislam.kz/