Home Білім Тәрбие сағаты «Жиденің емдік қасиеті»

Тәрбие сағаты «Жиденің емдік қасиеті»

0
651









Тәрбие сағаты «Жиденің емдік қасиеті»

Автор: Айтмуратова Эльвира Тажимуратовна

Бағыты: Экология Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-25



Материал туралы қысқаша түсінік

Табиғат таңғажайыптары сабақ жоспары







ЖИДЕНІҢ ЕМДІК КАСИЕТІ 2016 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақтау қаласы С.Қондыбай атындағы орта мектептің Физика пәні мұғалімі Айтмуратова Эльвира Тәрбие сағаты Табиғат таңғажайыптары Мақсаты Жиде ағашының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның адам денсаулығына пайдалы жақатырн анықтау. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті жердің топырағының ерекшелігін еске ала отырып, көгалдандыру жолын қарастыру. Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғауға, адам өміріне денсаулығына толық пайдасы бар екендігін анықтап, жиде ағашын зерттеп, өлкемізді көгалдандырып, емдік қасиеттерін қолдануға,жидеден дәрі-дәрмектер жасау,табиғат сыйын көбейтуге күш салып,зор мән беру керектігі, салауатты өмір салтын халыққа насихаттау ұсынылады. Негізгі бөлім Жиде (лох узколистный) қандай ағаш?Жиденің біздің елімізде екі түрі өседі. Биіктігі 10 м-ге дейін болатын бұталы ағаш.Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр,қызыл-қоңыр.Жапырақтарының ұзындығы 3-8 см,ені 0,4-1,8 см келетін сопақ пішінді. Бұталары тікенді. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау Үшіші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру Төртінші кезең. Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу Жемісі-ұнтақты жұмсақ,кабықпен жабылған,түсі қызгылттау.Тәтті болады Жемісі –ұнтақты жұмсақ,қабықпен қапталған,түсі қызғылттау.Дәмі тәтті болады. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Жемісінің ішінде жалған сүйегі болады.Осы жалған сүйегімен де көбейеді. Өсетін жерлері.Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік белдеуде өсетін елудей түрі бар. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, сонымен бірге, Сырдария, Шу, Талас, Іле, Арыс, Сарысу өзендерінде, көл бойындағы тоғайда, құм жиегінде, кейде сортаң жерлерде , Солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі. Жиденің емдік қасиеттері Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр. (Халық мақалы) Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде жиде ағашының орны ерекше. Жиде ағашын қаламызды көгалдандырып, көркейтуге,шаң-тозаңнан қорғануға қолданады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ жиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Анемия болғанда, адамның иммунитеті төмендегенде жиде жеу керек. Жиденің жемісін алып 1 литр суға 1 кесе жидені езіп салып қайнатып ішкен. Сол кезде іш кету тез тыйылады, жасалған сироптың асқазан, ішек құрылысын тазартуға пайдасы бар. . Жиденің жапырағын, гүлін мамыр,маусым айынының басында жинайды.Соң оны 40-50 градус температурада күн көзі түспейтін жерде кептіріп алады. Кептірілген гүлін 1 жыл пайдаланса болады.Соң оның емдік қасиеті жоғалады. Жиде гүлінен салқын тигенде, жүрек жұмысын жақсарту үшін тұнба дайындаймыз. Оның үшін 2 шай қасық жиде гүлін стакан қайнаған суға салып жабық ыдыста 1 сағат тұндырамыз. Дайын тұнбаны салқын жерге қойып күніне 2-4 рет ішке пайдаланамыз Жидеден дайындалған шәй адам денесіндегі тұз жіне судың мөлшерінің теңдігін сақтайды. Нерв жүйесін тыныштандырадыСклероздың алдын алады. Жапырағынан қайнатылған тұнбадан стоматитті емдеуге де пайдаланады. Оның үшін 1стакан суға бір ас қасық жиде жапырағын салып, тұндырып ауызды шаиамыз. Жиденің жапырағы тері ауруларында пайдалануға болады. Оның үшін жаңа жұлынған жапырақты жара үстіне қойып компресс жасаймыз. Жиденің қабығын қайнатып тұнбасын қан тоқтату үшін де пайдаланады.Сүрегімықты,шайырынан бояу, сабағының қабығынан,жапырағынан тұрмыстық заттар жасалады ..Жиденің адам өміріне пайдасы Ағаштың техникалық қасеті беріктік, сепінділік қасиеттерімен, сәнділік өрнектілігімен бағаланады Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті жердің топырағының ерекшелігін еске ала отырып, көгалдандыру жолын қарастыру. Маңғыстау облысының жерінде өлкемізді көгерту, көркейту, экологиялық апаттан құтқару жолының бірі – жиде ағашын өсіру арқылы жұқпалы аурудан сақтану, арылу үшін халықтың кеуліне қонымды, арзан дәрі-дәрмек өндіру, бал алу,химиялық қоспасыз сусындар жасау, косметикалық заттар лак, бояулар шығару, қолөнер, құрылыс заттарын өндіру, ең негізгісі халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау. . Менің бұл тақырыпты таңдауыма ықпал еткен, кітап арасынан шыққан,анамның балалық шағының естелігі,исі аңқыған осы жиде гүлінің бір талы. Назарларыңызға рахмет !!! 1. С.Арыстанғалиев «Жиде» 2. Қ. Ахметов «Жиде тұқымдасы» 3. Р. Әлімқұлов «Қазақ энциклопедиясы» 201 бет 4. М.Қ. Смағұлова «Биология оқушы анықтамасы» Арман ПВ баспасы 5. М. Қонысбеков «Дәрілік өсімдіктер» «Қазақстан» баспасы Алматы 1995 6. Е.М. Үпішев, С. Мұқанұлы «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау»7. Соколова Н.С., Панфилова Т.Г. Халық медицинасында қолданылатын мәдени және жабайы өсімдіктер. Москва 1990.8. Интернеттен google.kz сайтынан ашық энциклопедиядан материал








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.