Жауап іздеп жүрген бір жетімекпін… |
Адалбек АҚМӘДИҰЛЫ
КӨНЕ КӨРШІ САУСАУҒА
Айналайын барсың ба? Саусауым-ай,
Бек сағындым өзіңді аңсадым-ай.
Он жыл өтіп кетіпті танысқалы,
Қара қытай қарағым алыстағы.
Көмейімнен тұр ғой бір ән ұшқалы,
Туған дала сақ сайра сауысқаны.
Жоқтай-жоқтай жалығып кеткен болар,
Қарасаздың қараөзек қамыстары.
Сағындым ғой сағындым Саусауым-ай,
Үйіме кеп енді ғой таң сағым-ай.
Миллион жыл батады тәтті ұйқыға,
Таңдайына Тәңірдің тамса мұнай.
Триллион жыл өтеді оқтай зулап,
Бір кірпігін көтерсе Қалқа Құдай.
Қайта жауып алғанша сол кірпігін,
Миллиард жыл мен сені аңсадым-ау.
Түйіршіктен құралған Арпа, Күн, Ай,
Қайта отырды сөйтті де Жар тағына-ай!
Жүрегіміз бөленді жан сазына-ай,
Аңсай-аңсай өзіңді шаршадым-ай!
….
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)