Физика патшалығы

0
222









Физика патшалығы

Автор: Карабекова Салтанат Сейдалиевна

Бағыты: Физика Бөлімі: Презентация Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-25



Материал туралы қысқаша түсінік

сабақ жоспары







Дайындаған:Карабекова С. Сабақтың тақырыбы: Физика патшалығы. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу.2. Оқушыларды формулаға, есеп шығаруға, құрал жабдықтармен жұмыс істеуге белсенділігін арттыру.3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ Сабақтың барысы: Физика патшалығына саяхат білім сайыс сабағын ашу.2. Топ аттары жарияланады.3. «Бәйге» ойыны.4. Зертхана қаласы.5. Есептер жинағы.6. Жұмбақ шешу.7. «Кім көп формула біледі?»8. «Қызықты физика» тәжірибелік жұмыс. 3. «Бәйге» ойыны.І топ:Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал Күштің өлшем бірлігі? Заттың ең ұсақ бөлшегі 6. Судың көлемін өлшейтін құрал 7. Табиғатты зерттейтін ғылым8. Көкке қараған жұлдыз санаған 9. Ең кішкентай заряд 10. Инерция құбылысын кім ашты 11. Қандай жолмен адам еш уақытта жүре алмайды 12. Елеуішпен су әкелуге болады ма 13. Ньютон заңының ашуына себеп болған не 14. Кім барлық тілде сөйлейді 15.Ашық ыдыстағы су неге азаяды ІІ топ:1. Массаны өлшейтін құрал? 2. Тығыздықтың өлшем бірлігі 3. Күн жүйесінің моделін жасаған кім? 4. Ең бірінші қазақ ғарышкері? 5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? 6. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы 7. Итальян ғалымы 8. Заттың үш күйінің бірі 9. Аттас зарядтар бір – біріне тартылама? 10. Табиғат зерттеудің негізгі үш әдісі 11. Македонский заманында уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіш болған не? 12. Теңізде қандай тастар болмайды? 13. Жазуға болатын химиялық элемент 14. Қандай ыдысқа су құйылмайды 15. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды ол не? 4. Зертхана қаласы. Бұл қаланың ішіне физикалық құрал жабдықтар зертханалық құрылғылар қойылады. Құрылғының атауын және жұмыс істеу қызметін айту керек. Әр командаға тілек, табыс тілейміз деген жазулармен жабдықталған. Топ мүшелеріне сұрақтар жазылып қойылған.1. Мензурка2. Амперметр3. Вольтметр4. Токкөзі5. Метроном6. Тұрғы7. Каллориметр8. Реостат9. Паскаль шары10. Камертон 5. Есептер жинағы.І топ.Массасы 60 кг жүргізуші 200 см/с2 үдеумен қозғалған автомобиль орындығының арқасын қысатын күші 2. Массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы ІІ топ.1. 4 Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы 2. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы потенциялдық энергиясы 6. Жұмбақ шешу.Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады,Әр команда жарыса жауап береді.Жердің жүзін шарлайсың,Онсыз еш жерге бармайсың.Көлікпен де, жаяу да,Саралайсың, таңдайсың. Көп болса, асықпайсың,Мезеттен қашықтайсың.Асықсаң аз болады,Табасың мұны қайсың?Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,Тағы да бір белгісіз шама шықты.Ол болмаса денелер қозғалмайды,Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?

Жылдамдықты өзгертеді,Қозғалысты тездетеді.Қарсы шықса қозғалысқа,Тоқтарына көз жетеді.Қозғалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.Өлшемдерін қарасаң,Ньютонға ол келеді.Бірдей көлемдегі масса кейде көп,Аз болса да кейде дөп.Делінеді бұл шама,Аталуын тапшы тек.Күш көбейсе артады,Аукадан артқа тартады.Жүзі жұқа үшкір зат,Одан бірақ қорқады.Барлық денелерге тән,Онсыз болмайды сән.Әр затта болады әр түрлі,Өлшеуге болады дәл. 7. «Кім көп формула біледі?» 1 ұпай Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі. 8. «Қызықты физика» тәжірибелік жұмыс.1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге?2. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (4. Суға: картоп, сіріңке, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? 9. Қорытынды:Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,Артыңнан қалмайды екен тірі де ол.Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,Ғарыштың кемелері, атылған тас.Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,Бәрінің бағынары физика ғой! – дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау.








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.