Табиғатқа саяхат, ж дыбысы мен әрпі

0
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Жеті — семь — seven

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Біз сабақты бастаймыз.

Өткенді пысықтау
Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар.
— Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 4 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа смайликтер беріліп отырады.
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер:
1. Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз
3. Бір — бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтырады.
Сабағымызды «Ынтымақсыз іс бітпес»- деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
«Кім шапшаң» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасайық.

Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер сұраққа жауап беріп
отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.
• Дыбыс дегеніміз не?
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Қандай болып бөлінеді?
• Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
• Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
• Әріп дегеніміз не?
— Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
— дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
— Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық? (Ә ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ)
— Ә дыбысы қандай дыбыс?
Сұрақ — жауап жүргізіліп, мәтін оқытылады.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/