Жауһар жәдігерлер

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Жауһар жәдігерлер

Автор: Өтепбергенова Жеңіс Қылышқызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Мақала Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-24


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға




Жауһар жәдігерлер Жуырда Н.Ә.Назарбаевтың «Даланың жеті қырыс» мақаласына орай,туған жеріміздің құндылықтарын таныту барысында №2 мектеп оқушылары, директордың орынбасары және сынып жетекшілерімізбен, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пән мұғалімдерінің бастауымен ауданымыздағы тарихи –өлкетану музейіне бардық.Онда бізді музей меңгерушісі Құрымбаев Есназар Керімбайұлы және экскурсавод Толыбаев Бауыржан Талантұлы ағайларымыз қуана қарсы алды. Музей үш бөлімнен тұрады екен.Бірінші бөлім: «Археологиялық», екінші бөлім «Этнографиялық»,үшінші бөлім «Тарихи зал» Есназар ағай мен Бауыржан ағай музей ішін аралата жүріп көптеген өз туған жерімізден табылған,ата –апаларымыз қолданған бұйымдардың қалай табылып,музейге қалай әкелінгенін айтып өтті. Ежелгі Құлан қалашығының үлкен сызбасы, «Жібек жолы» бойындағы ІІ-ХІІ хан сарайының макеттері,жалпы Құлан өңірінен яғни «Құлан төбеден» табылған қазан ыдыстар тас мүсіндер, қыш құмыраларды көріп тамашаладық.Екінші бөлім этнография бөлімінен өзіміздің ауылымыздан шыққан Ырғалбеков Смайл ағамыздың жасаған сырға,білезік,сақиналарын көріп таң –тамаша болдық,және де асқабақты кептіріп, құмыра, мес, ыдыстар жасағанына қайран қалдық.Сондай –ақ оқушылардың газеттен себеттер,тостағаншалар жасап музейге өткізгендерінің куәсі болдық. Ата –бабаларымыз қолданған киіз үй жабдықтарын,шаңырақ және қол дирмен, пешке қойып ысытып үтіктейтін темір үтіктер,қолөнер шеберлерінің бұйымдары тағысын тағылар.. Үшінші бөлімде белгілі қоғам қайраткері,еліміздің біртуар ұлы Т.Рысқұловқа арналған бұрыш бар.Сонымен қатар, тарихи залда аттары айтып тұрғандай ірі тарихи тұлғалар,Ұлы Отан соғысының ардагерлері , ауданымыздың бетке ұстар азаматтары мен азаматшаларының істеген кәсібінен нәсіп тапқан еңбектерінің жемісі мен суреттері ,ордендері қойылыпты.Тағы айта кететін жәйт ауылымыздың тұрғыны,ауған соғысының ардагері Қылыш ағамыздың суретін музейден көріп,жүрегімізде бір мақтаныш табы пайда болды.музейден біз,үлкен әсер алып,көкірегіміз,рухани байып,өз ауданымыздан табылған жауһар жәдігерлерді және аға-апаларымызды ,олардың еңбегін көріп марқайып қайттық.Болашақ ұрпақ біздерге тарихтан сыр шертер,өткен көне заманымыздың ізі,болмысы туралы жәдігерлер паш етіп тұрғандай..

№2 шағын орталықты орта мектебінің 8-сынып оқушысы Байғұтты Аружан







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.