Қызыл кітапқа енген жануарлар
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8. 2. 5. 1. (О) Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
8. 4. 4. 2 /ӘТН/ тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану
Күтілетін нәтижелер Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін меңгереді
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс Биология, Георграфия
Қажетті құрал – жабдықтар Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4).
Оқу әдістері Сөздік, практикалық, көрнекілік, Суреттер галереясы, «Сайлау» «Смайликтер».«Жұмыс үстелі»
Дереккөздері: 8 — сынып «Қазақ тілі» Атамұра баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендеп, оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалайды.
Оқушылардан көңіл — күйлерін сұрайды. «Суреттер галереясы» әдісі арқылы 3топқа бөлінеді.
Өткен сабақты тексеру
Алдыңғы білімді тексеру.
Алдыңғы білімді тексеру. «Сайлау» әдісі арқылы тексеріледі. Топ ішінен бір оқушы таңдалып, берілген үй тапсырмасына жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабыны?” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушыларды? 8, құстарды? 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
1 — тапсырма.
1 — тапсырма.«Жұмыс үстелі»
1 — топ: Мәтінді баяндаңыз.
2 — топ: Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз
3 — топ: Сөйлем мүшелерін іріктеңіз сұрақ қойыңыз.
Дискриптор білім алушы.
— Мәтінді баяндайды.
— Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана алады.
— Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.
Қ/Б «Жұлдыздар»
2 — тапсырма. «Топтық жұмыс»Мәтінді оқы Суретке қара. Суреттерде бинеленген жануарлар туралы ғаламтордан мәліметтер жинап зерттеу жобасын дайындаңдар
1 — топ: Итаю (1 — категория) – өте сирек кездесетін аң. Оңтүстік Үстірттің шағын ғана территориясында таралған. Ол жерде 15 — 20 — дай ғана итаю мекендеуі мүмкін. Бұл жыртқыш кездесетін территорияларды Үстірт қорығына қосып, кен іздеушілер қатарындағы жұмысшылар мен шопандар арасында итаюды қорғау жайында үгіт — насихат жұмыстарын жүргізу керек.
2 — топ: Ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен, бірақ қасақылыққа байланысты оның саны 200 мыңнан (30 — жылдары) 10 мыңға (70 — жылдары) дейін кеміді және көп жерлерде ол кездеспейтін болды. Түрді Қызыл кітапқа тіркеген соң оның саны тұрақталып, жан — жақты қорғалатын жерлерде өсе бастады. Қазір Қазақстанда 30 — 50 мыңдай қарақұйрық бар. Қорғалатын жаңа территориялар ашу керек.
Аты-жөні: Телжан Ақұлпа Арыстанқызы
Қызыл кітапқа енген жануарлар жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/