Баян Алагөзова: «Талғат Теменов 30 млн. теңге ақша талап етті»

0

1993 жылы «Махаббат станциясы» фильмін түсірген танымал режиссер Талғат Теменов сотқа жүгінді. Ол «Тағдыр станциясы» картинасының кинотеатрлардағы көрсетіліміне тыйым салып, 30 млн теңге көлемінде ақшалай өтемақы төлеуді талап етті.

Алайда, Теменов бұл істе ұтылды. Баян Алагөзованың мелодрамасы жақында ресми прокатқа шығады. Бірақ режиссер берілмей, жаңа іс қозғауға себеп тапты. Мәдениет министрлігі, продюсер және Shine production ЖШС-не қатысты авторлық құқықты бұзу және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қозғалды.

«Иә, мен келісуге тырыстым. Бірақ қолымнан келмеді, себебі ол адамға ақшадан басқа ештеңе қажет емес. Сценарийді білмей, жалпы картина не туралы екенін білмей жатып мені сотқа берді. Талғат Досымғалиұлы үміттеніп отырған идеяға картинаның еш қатысы жоқ екенін сеніммен айта аламын және соны мәлімдеймін. Бұл басқа оқиға және басқа кино» — деді Баян Алагөзова «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, «Тағдыр станциясы» фильмінің айналасындағы дау 2018 жылдың тамыз айында басталған болатын. Белгілі режиссер Талғат Теменов Баян Алагөзованы авторлық құқықты бұзды деп айыптаған.