Өзен деген не? Қазақстандағы өзендер
Өзен дегеніміз табиғи арнасы арқылы ағып жатқан су ағыны. Мысалы Есіл өзені Нияз тауларының бөктерінен басталып, төмен қарай ағып, Ертіс өзеніне құяды:
Өзен бастау мен атырауы
Өзен бастауы және атырауы бар болады. Біріншісі өзеннің басы ал екіншісі өзеннің соңы болады. Өзен бастауы тау мұздықтарынан, көлден, жер асты бұлағынан немесе өзге өзендердің бірігуінен пайда болады.
Ал өзеннің атырауы осы өзеннің өзге өзенмен қосылуында, өзеннің көлге, теңізге немесе мұхитқа құйылған жерінде пайда болады.
Мысалы Есіл өзені Ертіс өзеніне құяды. Есіл өзенінің атырауы екі өзеннің қосылған жерінде болады. Ал Жайық өзенінің атырауы Каспий теңізіне құйылған жерінде болады.
Қазақстандағы өзендер
Қазақстан жерінде талай өзен бар. Осы өзендердің ең ірілері — Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл, Іле, Тобыл және Шу өзендері.
Аты | Ұзындығы, км |
Ертіс | 4 248 |
Есіл | 2 450 |
Жайық | 2 428 |
Сырдария | 2 219 |
Тобыл | 1 591 |
Іле | 1 439 |
Шу | 1 186 |
Бұл өзендердің барлығының суы мол. Қазақстандағы өзендер осы өзендермен ғана шектелмейді. Бұл ірілері, ұсақтары да баршылық. Мысалы Жетісуда жеті өзен бар. Бұлар Балқаш көліне құяды:
Пән: География