Головкин 2018 жыл қорытындысы бойынша WBC марапатына ие болды

0

Головкин 2018 жыл қорытындысы бойынша WBC марапатына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі (WBC) өткен жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинация бойынша жеңімпаздар есімін жариялады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегі 2018 жылдың «Таңдаулы оқиғасы» деп аталды. 

«Жылдың ең үздік боксшысы» жүлдесіне бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Усик (Украина) ие болды.

«Жыл жекпе-жегі» номинациясын Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің айқасы жеңіп алды.



prosports.kz