Қош келдің наурыз

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Қош келдің наурыз

Автор: Сарбаева Гулбану Калдибаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-23


Материал туралы қысқаша түсінік

өзіме керек




Қош келдің, Наурыз! Мақсаттары:Білімділік:Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Дамытушылық:Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік:Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б. Пайдаланылған әдебиеттер:Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар. Барысы: а) Ұйымдастыру                 ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру. І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!            Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.            Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.            Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!  Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,                         Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.                         Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.                         Балғын шақты біз бақытты балалар!  2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,     Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.     Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,     Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар! Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев. Наурыз тойы тамаша,Наурыз тойы жаңаша.Табиғат та тамаша,Тамылжып тұр жараса.Наурыз тойы салтанат,Наурыз тойы мархабат.Әр жүректен ән тарап,Шаттанады шартарап. Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).Наурыз-қыз:«Наурыз» қызбын.Нөкерлерім қасымда.Ұлыс күнге,Жеттім міне асыға.Келген жылым,Жақсылыққа басташы.Қуанышпен әр үйдің,Босағасын атташы.Келген жылым,Шуағыңмен, тасып от.Адамдарды бір-біріне ғашық ет.Келген жылым,Болсын дәйім бақытты.Тыңдаңыздар енді халқым,Жыл иесі тышқанды. Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.                  Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.                  Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,                  2 «Б» сыныптың қонағымын. Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,Өнегелі тәртіптің алауымын,Бұл сыныптың, намысының бастауымын,Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын. Бастаушы: Наурыз келсе,Құт келгені халайық!Есік ашып, шашу шашып,Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі). Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық. Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді). Ұрпақтардың бағы болсын,Арайланған таңы болсын.Ақ батамен қол жайғанның,Тілегінің бәрі болсын!Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!                    Жақсылыққа қашанда,                        Жан баласы тоймаған,                        Жаңа жылдың басы деп,                        Жылда бізбен тойлаған.                        Шашу шашып көл-көсір,                        Көжесі қазанда қайнаған. Оқушы:      Әнге ырғағы жарасқан,                         Асқар таудың шыңдары.                         Ақ жаулықты аналар! Оқушы:      Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже! Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.Ұлыс бақты болсын!Әр күндерің жақсы болсын!Ақ мол болсын!Бәле жала жерге енсін!Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын!Ақ мол болсын!Қайда барсаң жол болсын! Оқушы:       Шалқытып мерекеде ән салайық,                          Би билеп, ән өнерге тамсанайық.                          Аңызбен ертегімен бізге жатқан.                          Құрметті қонақтарды қарсы алайық.  Оқушы:           Жоғарыға шықсын қонақтар.                        Келіп тұрған алыстан.                        Құттықтайды сіздерді,                        Наурызда бізбен қауышқан. Оқушы:           Ал, халайық тұрмайық.                        Әндетейік шырқайық.                        Ортамызды ашайық.                        Думандатып би билеп,                        Ән мен күйді төгілдіріп,                        Інжі-маржан шашайық.                        Жиналған жұрт таң қалсын,                        Өнерден күмбез жасайық!  Оқушы:        Қыс өтіп, қар кетіп,                        Шырайлы жаз жетіп,                        Шаруаның кенелген,                        Мейрамы ежелден.                        Құтты болсын, Наурыз!                        Жаңғырар дәстүр салтымның,                        Көзелсін бұлақ жылғасы.                        Қастерлі менің халқымның,                        Мереке «Наурыз» жыл басы. Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?                               № 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?                               №3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.                               №4. Жеті қазынаны ата.                               №5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.  Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата.                             №2. Үш арсыз не?                             №3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?                             №4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.                             №5. Наурыз көже дегеніміз не? Бастаушы: Ән қосылсын әңіне,                    Сән қосылсын сәңіне!                    Ырысты боп жаңа жыл,                        Бақ дарысын бәріңе!                        Ой қосылып ойыңа,                        Бой қосылсын бойыңа!                        Аман –есен жетейік.                        Келер Наурыз тойына! Осымен 3 «А» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты ашық сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келе жатқан наурыз құтты болсын!

Қош келдің, Наурыз!(Наурыз мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс үйірме жұмысының өткізілу барысын әріптестеріме, әсіресе жас мамандарға ұсынамын).Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Тәрбиелік: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.Пайдаланылған әдебиеттер: Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.Барысы: а) Ұйымдастыру ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді. Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. Балғын шақты біз бақытты балалар!2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев. «Наурыз-2008» — жаңа жыл (тышқан жылы келеді).Наурыз тойы тамаша, Наурыз тойы жаңаша. Табиғат та тамаша, Тамылжып тұр жараса. Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап, Шаттанады шартарап.Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды). Наурыз-қыз: «Наурыз» қызбын. Нөкерлерім қасымда. Ұлыс күнге, Жеттім міне асыға. Келген жылым, Жақсылыққа басташы. Қуанышпен әр үйдің, Босағасын атташы. Келген жылым, Шуағыңмен, тасып от. Адамдарды бір-біріне ғашық ет. Келген жылым, Болсын дәйім бақытты. Тыңдаңыздар енді халқым, Жыл иесі тышқанды.Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім. Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін. Келдім мен ақ тілекті жалау етіп, 2 «Б» сыныптың қонағымын.Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын, Өнегелі тәртіптің алауымын, Бұл сыныптың, намысының бастауымын, Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.Бастаушы: Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады) (Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).Ұрпақтардың бағы болсын, Арайланған таңы болсын. Ақ батамен қол жайғанның, Тілегінің бәрі болсын! Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!! Жақсылыққа қашанда, Жан баласы тоймаған, Жаңа жылдың басы деп, Жылда бізбен тойлаған. Шашу шашып көл-көсір, Көжесі қазанда қайнаған.Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан, Асқар таудың шыңдары. Ақ жаулықты аналар!Оқушы: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін. Ұлыс бақты болсын! Әр күндерің жақсы болсын! Ақ мол болсын! Бәле жала жерге енсін! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық, Би билеп, ән өнерге тамсанайық. Аңызбен ертегімен бізге жатқан. Құрметті қонақтарды қарсы алайық.Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар. Келіп тұрған алыстан. Құттықтайды сіздерді, Наурызда бізбен қауышқан.Оқушы: Ал, халайық тұрмайық. Әндетейік шырқайық. Ортамызды ашайық. Думандатып би билеп, Ән мен күйді төгілдіріп, Інжі-маржан шашайық. Жиналған жұрт таң қалсын, Өнерден күмбез жасайық!Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп, Шырайлы жаз жетіп, Шаруаның кенелген, Мейрамы ежелден. Құтты болсын, Наурыз! Жаңғырар дәстүр салтымның, Көзелсін бұлақ жылғасы. Қастерлі менің халқымның, Мереке «Наурыз» жыл басы.Күй: «Кеңес» күйі.Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді). Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не? № 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің? №3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт. №4. Жеті қазынаны ата. №5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата. №2. Үш арсыз не? №3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады? №4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата. №5. Наурыз көже дегеніміз не?Бастаушы: Ән қосылсын әңіне, Сән қосылсын сәңіне! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман –есен жетейік. Келер Наурыз тойына!Осымен 2 «Б» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!Осы сәтте «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жа

алды шақыруТүйені – «көс – көс»Жылқыны – «құрау – құрау»Сиырды – «ахау – ахау»Қойды – « пұшайт – пұшайт»Ешкіні «шөре – шөре» деп шақырадыТүліктің пірлері:Жылқы иесі – Қамбар атаТүйе иесі – Ойсыл қараСиыр атасы — Зеңгі бабаҚой атасы – Шопан атаЕшкі иесі – Сексек ата деп аталады.Мақал – мәтелдер1. Түйе атасы – нар2. Ат – адамның қанаты3. Мал бақсаң – сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан4. Мал өсірсең, қой өсір, Өнімі оның көл – көсір. 5. Ешкілі қой өрлеген.

Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған. Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдіксанаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды.Мазмұны  [жасыру

Немере[өңдеу]Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады.Шөбере[өңдеу]ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.Шөпшек[өңдеу]Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайдыНемене[өңдеу]Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.Жүрежат[өңдеу]Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады.Туажат[өңдеу]Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды.Жұрағат[өңдеу]Жұрағат  алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді.Жекжат[өңдеу]Жекжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жекжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды.

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  • қанды ауыз қақпан;

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

  • 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
  • 2) , яғни дененің саулығы;
  • 3) , яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
  • 4) . Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
  • 5) . Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;
  • 6) . “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;
  • 7) . Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді  болған.

Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:

  • 1)  (). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
  • 2) . Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
  • 3) . Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;
  • 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
  • 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
  • 6) . Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
  • 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.

Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:

  • 1) . Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
  • 2) . Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
  • 3) . Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
  • 4) . От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
  • 5) . Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
  • 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
  • 7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.[1]

Жеті қазына Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық; қанды ауыз қақпан; майланғыш ау; өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды; 2) денсаулық, яғни дененің саулығы; 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген; 4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы; 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды; 6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”; 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған. Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады: 1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар; 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді; 3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі; 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді; 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан; 6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені; 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді. Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі: 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды; 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады; 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады; 4) от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады; 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді; 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді; 7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.