Таулар, Қазақстан таулары, биік және аласа таулар

0
491

Айналасындағы жерлерден 200-ден аса метр биік орналасқан жер бедері таулар деп аталады. Мысалы мынандай:


Таулар


Биік, орташа және аласа таулар


Таулар биіктігіне қарап бірнеше типке бөлінеді – биік, орташа және аласа. Аласа таулар бұл биіктігі 200-1000 метр аралығындағы таулар. Орташа таулар биіктігі 1000-2000 метр болатын таулар. Ал биік таулар бұл биіктігі 2000 метрден жоғары болатын таулар.


Биік таулардың кейбіреулерінің төбелерінде мұздықтар бар болады. Мысалы Хан-Тәнірі тауында мұздықтар бар:


Хан-Тәнірі тауы


Қазақстан таулары


Қазақстан тауларға бай жер. Қазақстанның онтүстігінде Тянь-Шань, Алатау, Қаратау сияқты таулар бар. Шығыс Қазақстанда Алтай мен Жоңғар Алатауы бар.


Орталық Қазақстанда Сары-Арқа таулары бар. Батыс Қазақстанда Мұғалжар таулары орналасқан.

Пән: География