Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақ жоспары: Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі
Автор: Азылханова Айнур Бакытжановна
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-23
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі | Мұғалімнің аты-жөні: Күні: | |
СЫНЫП: 7 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау | |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |
Тілдік құзыреттілік | Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі | |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | |
Алдыңғы оқу | Қыпшақ хандығы | |
Сабақтың жоспары | ||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! | |
Жаңа білім10 минут | Білу және түсінуБерілген мәтіндерді балалар оқып алады.«Жариялау» әдісі(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) | Оқулық,мәтіндер. |
Ортасы 10 минут | ҚолдануОқулықта берілген тапсырмаларды орындау.Асылбек Еңсеповтың «Жібек жолы» күйін тыңдауСансыз қымбат жүк тиелген, Мыңдаған алып түйелер, келе жатыр бай керуен. Жүз сары нарға дирхем артса, Қырық нарға динар артқан. Ең керемет мускус пен алойыны, Ғажап жібек маталарды, Иран мен Мысыр керуені артқан- Тағы бар отыз түйесі.Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызыДәйек сөз:Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат,сүйкімді сезінбесең-адамдық мінез де жоқ.Бұл сезім риясыз және біздің жан-дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады.К.Г.ПаустовскийСабақ жоспары1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыру2.Сергіту сәті 3.Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызыҰлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыруБайырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген .Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған.Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр.Ұлы жолының бойымен таныстыру және тірек-сызбамен жұмыс (Экраннан Жібек жолының картасы көрсетіледі) | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлерТоптық жұмысқа арналған ресурстар
Түсіндіру.Топтық, жеке жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс. |
Сергіту сәті2 минут | «Атамекен» әнімен билеу, ән айту | |
Аяқталуы Сабақты бекіту10 минут | Ой қорыту Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген әсеріТиісті орнына қой1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.—————-Талғар—————-Тараз—————-Түркістан2. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Исфиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.——————Тараз, Испиджаб, Отырар—————-Талғар, Тараз, Отырар—————-Талғар, Испиджаб, Отырар3. Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Исфиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары табылған.——————Тараз, Баласағұн, Испиджаб—————-Отырар, Тараз, Испиджаб——————Тараз, Испиджаб, ТалғарҰлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызыСәйкестендір. Бекіту: 10 сұрақ тест1) Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:a) Шығыс пен Батысты байланыстырдыb) Ежелгі жол болғандықтанc) Үлкен сауда жолы болуынан2) Жібек жолының бас басталатын аймақ:a) Ыстықкөл өңіріненb) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынанc) Византия елінен3) Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:a) б.з.б. ІІІ ғ. ортасыb) б.з.б. ІІ ғ. ортасыc) б.з.б. І ғ. ортасы4) Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:a. шабдалы мен қауынb. жүзім мен қызанақc. қытай немесе болгар бұрышы5) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:a) Соғдыb) Парсыc) Араб6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:a) Талғарb) Таразc) Отырар7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:a) б.з.б. ІІ ғ. ортасыb) б.з.б. І ғ. ортасыc) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы8) Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:a) 15 ж. кейінb) 13 ж. кейінc) 12 ж. кейін9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:a) Түрік сұлтанынаb) Парсы патшасынаc) Иран шахына10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:a) ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуыb) ХІV ғ. бастап теңіз жолының ашылуыc) ХVІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуыБББ кестесі | Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
Бағалау
5 минут Кері байланыс3 минут |
«Білім қоржыны» кері байланыс |
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады. |
Қосымша ақпарат |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.