Барлық Құраннан да осы аят ең қорқыныш тудыры қажет!..
Мұхаммед салаллаһу ғалейһи уәссаламға бір адам келіп айтты :
О, Алланың Елшісі ! Алла үйреткен нәрседен маған бір нәрсе үйретші.
Мұхаммед салаллаһу ғалейһи уәссалам сахабаның біріне айтты :
Мына кісігі Құран үйрет. Сахабалар оған Құраннан аз — Залзала сүресін үйрете бастады және олар сүренің соңғы аятына (99/7-8 ) жеткен кезде:
«Кім шаңның тозаңындай жақсылық жасаса соны көреді. Кім шаңның тозаңындай жамандық жасаса соны көреді», -бұл адам айтты :
-Жетеді. Осы аяттар маған жеткілікті. Бұл туралы Алла Елшісіне салаллаһу ғалейһи уәссалам айтқан кезде, ол айтты :
Мына адамға қараңыздар ! Ол дінде факих ( терең мағынаны түсінуге қабілетті ) болды . ( Рухуль — Байан 5/82)
Тағылым : Имам Ағзам Абу Ханифа ( рахимахуллаһ ) бұл аяттың тәпсірінде айтты :
Барлық Құраннан осы аят ең қорқыныш тудыруы қажет. Адам әр жақсылығы үшін сауап алатыны сияқты, әр жамандығы үшін ақысын алады. Зарратун (кішкене бөлшек) — көзбен көре алмайтын нәрсе. Жағдайға байланысты бір аят өзінде барлық нәрсені қамтуы мүмкін. Біз көргендей сахабаның бірі » маған осы аят жеткілікті » деп айтты, яғни қажетті сабағын алды. Құран кітапты басынан аяғына дейін оқып, бірақ өмірінде ештеңе өзгертпеген адам терең ойланып, өзіндегі кемшіліктерді табуға тырысып, жүректің қараюын емдеу тәсілдеріне жүгінуі қажет.
Яссауи Феномені кітабынан алынды.