Тәжікстан анайы көріністерге шектеу қойды
Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – Тәжікстан билігі мемлекеттік арналардан интимдік көріністерді көрсетуге тыйым салады.
Отандық және шетелдік фильмдерде қатысты тексеру жұмыстары «Тәжікфильм» киностудиясы атқарады. Тәжәк үкіметі осылайша «жат мәдениетке» қарсы күрес жүргізу туралы шешім қабылдады.
Телеарна және радиотарату бойынша комитет төрағасының орынбасары Махмадшариф Бобозода анайы көріністерді телеарналардан көрсету тәжік мәдениетіне қайшы келетінін мәлімдеді. Ел билігі телеарна эфирінен интимдік көріністерге тыйым салу туралы ұсыныс халықтан түскен.
Дереккөз: http://kazislam.kz/