Қостанай облысында полицей парадан бас тартты – видео

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

73 0 0

Құқықбұзушы жауапкершіліктен қашу үшін тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысында жол полициясы өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шұғыл-профилактикалық шаралар барысында полицейге пара беруге тырысқан 28 жастағы жүргізушіні ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.  

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншәлиев хабарлағандай, полиция қызметкері Гагарин көшесінде Volkswagen көлігін тоқтатқан. Көлікте нөмір болмаған, ал рөлдегі ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

Құқықбұзушы жауапкершіліктен қашу үшін тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған, деп жазды Костанайские Новости.    

Полицей ақшадан бас тартып, болған жайтты өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлады.

Ведомство қызметкерлері оқиға орнына келіп, пара ұсынған ер адамды ұстады. Ақша тәркіленді. 10 мың теңгеден бас тартқан офицердің өзі басқаша істей алмайтынын айтты.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/