Пайғамбар мешітінің имамы түрмеде өлді

0

Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясының Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінде қызмет еткен белгілі имам түрмеде көз жұмды, деп жазады Ansar.ru.

Мәдина университетінің Құран колледжінде жетекші болған Шейх Ахмед Аль-Амари өткен жексенбіде, қамауға алынғанына 5 ай өткенде қаза болған, деп хабарлайды Al Jazeera.

Prisoners of Conscience ұйымының мәліметінше, 69 жастағы имамның денсаулығы түрмедегі ахуалға шыдай алмаған. Имам өткен жылдың тамыз айында өз үйінде ұсталған. Оның ұсталуына Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман мен король әулетінің Израильмен қарым-қатынасына байланысты жариялаған материалы себеп болған. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, имам түрмеде жалғыз камерада ұсталған, 2 қаңтардан бастап миға қан құюлуына байланысты Жидда ауруханасына жеткізілген.

Ал Сауд Арабиясы үкіметі Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің бұрынғы имамына қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/