WhatsApp-қа шектеу қойылады
WhatsApp қолданушылары ендігі бір хабарламаны 5 реттен артық жібере алмайды.
Stan.kz сайтының хабарлауынша бұл өзгеріс 21-қаңтардан бастап енгізілген. Facebook (WhatsApp осы компанияға тиеісілі) компаниясының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Виктория Грандтың айтуынша, бастапқыда мессенджердегі өзгеріс Android, артынша iOS қолданушыларына енгізіледі.
Мұндай шектеу жарты жыл бұрын Үндістанда енгізілген еді. Үндістан билігі WhatsApp арқылы жалған ақпараттың көп таралатынына қатысты шағым түсірген. Осы жарты жыл ішінде компания тәжірибенің пайдалы екеніне көз жеткізіп, әлем бойынша іске асыруға кіріскен.