Жаңа туған баланы ата-анасы бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады

0
100
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

93 0 0

Жаңа туған баланы ата-анасы бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында тұратын ерлі-зайыпты тірі баласын жерге көміп тастаған, деп жазды Daily Mail.

Жергілікті бақсы туғанына үш-ақ апта болған қыздың ата-анасына баланың ішіне жын кіріп кеткенін, оны шығармаса болмайтынын айтып сендіреді. 30 жастағы әке мен 28 жастағы ана қызды тоғанның жағасына тірідей көмген.

Күндізгі температура үш градусқа дейін төмендегенде, бала жылай бастайды. Сол маңнан өтіп бара жатқан жолаушы дауысты естіп, баланы қазып алған. Дәрігерлер қыздың жағдайы тұрақты және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Баланың ата-анасы мен бақсыны полиция қамауға алды. Болған жайт жергілікті тұрғындарды дүрліктірді.

2018 жылдың маусымында Бразилияда осыған ұқсас оқиға болған – 15 жастағы Мату-Гросу штатының тұрғыны үйінде өзі босанған. Ол жаңа туған қызды еденге құлатып алады. Бала шетінеп кетті деп ойлап, оны үйдің ауласына көміп тастайды. Оқиғаға куә болған көршілері полицияға хабар беріп, баланы аман алып қалған. Ол жер астында сегіз сағат жатқан.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/