смартфоныңыз сіз туралы не дейді?
Британияның Линкольн және Ланкастер университетінің зерттеушілер тобы Android және iOS операциялық жүйелерінің базаларында жұмыс істейтін 500-ден астам смартфон пайдаланушысына зерттеу жүргізген. Сол арқылы олардың мінез-құлықын, әдеттері мен көзқарастарын анықтауға тырысқан.
Зерттеу қорытындысы бойынша, смартфонына қарап, иесінің кейбір қасиеттерін көруге болады. Мысалы, “Android тұтынушылары iPhone-ды сатып алатын адамдарға қарағанда шынайы”, – дейді зерттеушілер.
iPhone құрылғыларын көбіне жастар пайдаланады әрі олар – қоғамға ашық тұлғалар.
Зерттеу нәтижелерінің тағы бір қорытындысы бойынша, iPhone құрылғыларын ерлерге қарағанда әйелдер екі есе көп сатып алады. Android смартфондарын көбіне егде жастағы адамдар қолданады екен.
“Смартфон – иесінің шағын нұсқасы”
Адамның жеке таңдауы оның мінез-құлқын, қасиеттерін көруге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің бірі Хизер Шоу смартфон өз иесінің шағын-цифрлық нұсқасына айналғанын айтады.
Көп адам смартфонын өзге біреудің алғанын немесе қарағанын ұнатпайды. Неліктен? Себебі телефоны арқылы оның иесі туралы мінездеме беруге болады, – дейді зерттеуші.
Кей адамдар смартфондарына белгілі бір мәртебенің индикаторы ретінде қарайды. Осыған орай университет зерттеушілері адамның сырт келбеті мен мінез-құлқына қарап, оның қандай смартфон пайдаланатынын анықтайтын компютерлік бағдарлама әзірлеп шығарды.
Біз адамдарға өздері туралы бірнеше сұрақ қойып, статистикалық модель құрдық. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бағдарлама 70% жағдайда адамның қалтасында қандай телефонның бар екенін анықтайды, – дейді авторлардың бірі Дэвид Эллис.
Статистика
- Бүкіл әлемде сатылатын смартфондардың 90%-ы Android немесе iOS жүйесінде жұмыс істейді;
- Әлемдегі ең танымал операциялық жүйе – Android. Оның әлемдік нарықтағы үлесі – 88%;
- Екінші орында IOS. Оның нарықтағы үлесі – 12%.
Дереккөз: Baribar.kz