Еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады.

23-қаңтар күні Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады. Бұл туралы zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/