ШҚО-да әжелер өмірлік тәжірибесімен бөлісті (ФОТО)

0

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Әже тағылымы – тәрбие бастауы» атты іс-шара өтті. Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі хабарлайды. 

 

Тәлімдік шараға дәстүрлі «Асыл әжелер» мектебінің әжелері, жастар, қыз-келіншектер қатысты.  Жиында өкілдіктің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова: «Қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы бабамыз: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі-бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі-немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден-салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын» деген екен. Ардақты әжелеріміздің өнегелі өмірлері, берекеті жастарға тәлімдік үлгі» деп атап өтіп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Жиында көп жасаған ақ самайлы әжелер ұлттық құндылықтардан, ұрпақ тәрбиесіне қатысты тұщымды ойларын ортаға салып, қазақ келіндер және қыздар тәрбиесінен ғибратты насихат айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Жиынға қатысушылар шарадан көп тағылым алып қайтты.








Дереккөз: http://kazislam.kz/