Астанада Ауған соғысының ардагерлері 50 мың теңгеден алады — Ел жаңалықтары

0

Ауғанстан территориясынан жауынгер-интернационалистердің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты Астанада 50 мың теңге өтемақы алады», — деді Tengrinews.kz тілшісі. 

«Біз әрдайым 15 ақпанда жауынгер-интернационалистерге басқа да әлеуметтік көмектерден бөлек ақшалай 30 мың теңге көлемінде өтемақы береміщ. Жылына бір рет. 2019 жылы Ауғанстаннан әскердің шығарылуына 30 жыл толу шарасына байланысты, біз тағы 20 мың теңге қосуды қалап отырмыз. Жалпы 50 мың теңге алады», — деді Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов қоғамдық кеңестің жиналысында. 

Астанада тұратын олардың саны — 1 300 адам. Ермек Оспанов жауынгер-интернационалистер санатория-курортты ем қабылдауға, тегін жол жүруге және басқа да әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. 

Астананың қоғамдық кеңесі басқарманың ұсынысын қолдады. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz