Екінші дүниежүзілік соғыс. Ұлы Отан соғысы

0

1933 жылы Германияда билікке Адольф Гитлер бастаған фашистер келді. Бұлардың мақсаты Германияны ұлы елдердің қатарына қосу, мемлекеттің шекарасын кеңейту, фашистер өзге елдерді немістерден төмен деп санады. Өздерің таза қанға ие, арийлерміз деп санады.


Алғашында фашистер Англия мен Франциямен келісіп Еуропадағы біраз мемлекеттердің жерлерің өздеріне қосты. Мысалы немістер көп шоғырланған Чехославакияның Судец облысын және Австрияны Германияға қосты. Бірақ бұл аз болып, 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Польшаға соғыс ашты.


Соғыстын басталуы


Польша Англия мен Франция сияқты елдермен әскери одақ құрған еді. Сондықтан немістер поляктардың жеріне 1939 жылдың 1 қыркүйегінде әскерлерің еңгізгенде, Англия мен Франция Германияға, бірнеше күннен кейін, 3 қыркүйекте соғыс ашқаны жайлы жариялады.


Сөйтіп, 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.


Бұл заманда Англия мен Францияда едәуір әскери күш бар еді. Бірақ Польшаға көмектеспеді. Сөз жүзінде Германияға соғыс ашса да, іс жүзінде Германиямен соғыспады.


Польшаның әлсіз әскері заманауы неміс әскерлеріне төтеп бере алмады. Бірнеше апта ішінде поляктардың әскери күштері толығымен дерлік талқандалады, тек біраз жерлерінде ғана жауларға қарсы күресті жалғастырған батырлар қалған еді, олардың соңғылары 6 қазанға дейін күреседі.


17 қыркүйекте Польшаның үкіметі және әскери басшылары Румынияға қашады. Осы күні Кеңес Одағы өз әскерін Польшаға еңгізеді. Бұның негізгі себебі, Польша құрамына еңіп қалған белорустар мен украиндардың кейбір жерлерің Кеңес Одағына қосу.


Германия мен Кеңес Одағы Польшаны өзара бөлісті.


Ұлы Отан соғысының басталуы


1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия және оның одақтастары Кеңес Одағына соғыс ашты. Германия бұл уақыттар Еуропаның көп елін жаулап алған. Мысалы Францияны 1940 жылы жеңген.


Адольф Гитлердің Кеңес Одағына қарсы соғысуының басты себебі бұл мемлекет шекарасының кеңеюі жайлы идеялары еді. А. Гитлер неміс халқына көп жерлерді сыйлағысы келді, көп жерде көп неміс пайда болады деген оймен. Бұл жайлы А. Гитлер «Майн Кампф» атты кітабінде жазған еді.


Германия Кеңес Одағын жаулап алу үшін «Барбарросса» деп аталатын жоспар құрды. Бұл жоспарға сай Кеңес Одағын Германия тез жаулап аламыз деп жоспарлған. Бірақ ойлары жүзеге аспады.


Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Германияның жоспары сәтті орындала бастағандай болған — шекараға жақын орналасқан әскерлер талқандалынды, талай қала мен елді мекендер өртенді, миллиондаған бейбіт адам үйсіз қалды. Бұл қарқынмен Мәскеуге дейін жетті.


Мәскеу түбіндегі шайқас


Бүткіл әлем Кеңес Одағы ойсырай жеңіледі деп ойлап жүргенде Мәскеу түбіндегі шайқас басталды. Бұл шайқаста Кеңес Одағы жеңді, немістердің тез жеңеміз деген ойы жүзеге аспай қалды.


Бұдан кейін болған Сталинград және Курск шайқастарында немістер толығымен жеңіліп, Кеңес Одағының жерінен қашты. Германияның толығымен талқандалуы басталды. Кеңес Одағының әскері 1945 жылдың 8 мамырында Берлин қаласын алды. Бірақ бұл түнде еді, және Мәскеуде 9 мамыр болды. Сондықтан Кеңес Одағында жеңіс күні 9 мамырда, ал Еуропада 8 мамырда өткізіледі.


Рейхстагқа Кеңес Одағының туын тіккен алғашқы адам бұл біздің отандасымыз Қошқарбаев Рақымжан болды.

Пән: Тарих