Бауырлары мен ұлын жерлеген зейнеткердің кредитін жауып берді — Ел жаңалықтары

0

«Нұр Отан» партиясының өкілдері алматылық зейнеткердің несиесін жабуға көмектесті, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қайния Байбатырова бір жылда екі інісі мен туған ұлынан айырылып қалып, солардың жаназасына несие алған. Кейін уақытында жаба алмай, тығырыққа тіреліпті. Зейнетақы жыртығына жамау бола алмаған соң, банк картасы бұғатталыпты. Сондықтан өткен жылдың аяғында партиядан көмек сұрап өтініш жазған.

Көп күттірмей-ақ аудандық мәслихат депутаттары 300 мың теңге жинап берген. Алатау аудандық филиалына келген зейнеткер партия мүшелеріне ризашылығын білдірді.

«Екі інім, туған жалғыз ұлым өзімнің о дүниеге кетті. Бәрі жүректен қайтыс болды. Соның жаназасына ақшалай алынған зат қой. Соны қиналып төлей алмай, осы «Нұр Отан» партиясына келдім. Екі ай зейнетақымды блокта ұстап қалды ғой, арестке қойған төленбегеннен кейін уақытында. Соны жаптым. Алғысым өте көп», — деді Қайния Байбатырова. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz