Дәрігер Назарбаевтың билікте әлі қанша уақыт отыру керектігі туралы айтты
Әлеуметтік желідегі өзіндік ой-пікірімен ерекшеленіп жүрген дәрігер Ғабит Нұрханұлының мына жазбасы бірден көзімізге шалынды. Желідегі жұрттың арасында үлкен пікірталас туғызған екен. Автордың жазбасын ықшамдап, оқырман назарына ұсындық.
«Біз қазір нағыз тура жолдамыз соны көрдім. Біздің президент ең ақылды, ең айлакер президент соған көзім жетті.
Шынымен, бұл ешқандай жалтақтау, маймөңкелеу емес.
Өтірік жағымпазданбаймын. Мені ешкім қорқытпады. Біздің президент нағыз елдің қамын ойлайтын президент.
Саясатты түсінген адамға бізде Назарбаев əлі, кем дегенде, 10 жыл отыру керек.
Оны қайдан шығардың десеңізші?
Германияда украиндықтармен, афгандықтармен дос болдым. Екі елде қатты азып тозып кеткен. Соғыс елдің экономикасын, кем дегенде, 50 жылға артқа тартып кетті.
Экономикалық көрсеткіш жағынан, демографиялық көрсеткіш жағынан Украина өте төмен болып кетті. Мұның бəрі біздің басымызға келуі мүмкін еді. Қазір айлық емес, жеуге нан таппай отырар едік.
Неге десеңіздер, екі елдің де ойранын шығарған Ресей. Ресей өзінен кім оза бастаса, уысындағы мемлекеттер шыға бастаса, себеп тауып талқандап кетеді.
Негізгі жауымыз Қытай емес – Ресей. Себебі, Қытай ешқашан біреудің шекарасын бұзып кірмейді, кірген емес. Ал Ресей өте қауіпті.
Барлық жерде бір сценарий. Президент ауысады, орнына келген адам ұлт туралы екі ауыз сөз айтады. Артынан, Ресей əскерімен жергілікті орыстілді, не орыстарды «құтқару» үшін кіреді. Бұл жағдай бізде де болуы əбден мүмкін еді. Шығыс Қазақстанды казактардын жері, Петропавл мен Қостанай орыстардың жері деп, орекендер қашаннан тісін қайрап жүр.
Президент Ресейдін саясатын алдын ала біліп, дереу солтүстік шекараны күшейтті. Астананы салды. Орыстар көп отырған жерге қазақтарды қоныстандырды.
Ең бастысы, тіл саясатын байыппен жүргізіп отыр. Асықпай, Ресейдін шамына тимей, Ресейдін айтқаның бəрін істеп, бірақ өзінің де саясатын жүргізіп отыр.
Түсіңіңіздер, Президент «бəрің қазақша сөйлендер» деп айта алмайды.
Президент заң шығарды. Бітті . Орындалу біздің қолда. Украина президенті айтты. Бітті, Украинаның быт-шытын шығарды. Елде жейтін нан жоқ, орнына Украина тілі бар. Не үшін дамып кетпейміз, не үшін завод фабрика салмаймыз? Сала алмаймыз, себебі Ресейге біздің одан күшті болғанымыз керек емес.
Ресейді біз соғысып жеңе алмаймыз. Оны бүкіл əлем түсінді. Ресеймен соғыспай, санкция салып тастаса, өзі ақ жоқ болып кетер.
Дереккөз: kaz.365info.kz