Алтын құйма, тиындар және кітаптар: Ташкент орталығында жаңа қазына табылды — Жаһан

0

Ташкент орталығында 80 жыл бұрын жоғалған қазына табылды, — деп хабарлайды kun.uz.

Қазынаны Ұлттық университет ғалымдары Ташкенттегі ескі ғимараттың жертөлесінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта тапқан. Алдын ала болжам бойынша оның құны бір миллион доллардан асады. Ғимарат 1870 жылы салынған. Ғимараттың жертөлесінде тағы бір жасырын қойма болғаны анықталды.

Сирек кездесетін өнер туындылары, алтын және күміс тиындар және ыдыстар, ескіліктің неше түрлі заттары, картиналар, икона мен бағалы металдар табылған. 

Қазіргі уақытта табылған заттар музейге жеткізіліп жатыр. Кейбір заттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Табылған заттар арасында 1918 жылы князь Романовтың Ташкенттегі сарайының коллекциялары бар. Әзірге табылған заттарды тіркеуге алу жұмыстары аяқталған жоқ. Кейбір табылған заттардың суреттері жарияланды. 


Алтыннан жасалған микроскоп, XIX  ғасыр Австрия империясы. 


Алытн және күміс тиындар. 


ХХ ғасырдағы алтын құймалар. Табылған құймалардың салмағы — 8 келі. 


XVIII- XIX ғасырдағы алтынмен қапталған кітаптар


Американың құстары туралы кітап. 1930 жылы шыққан. Оның құны шамамен — 150 мың АҚШ доллары. Мұндай кітаптың төртеуі табылған. Сонымен қатар, өзбек хандығы туралы құжаттар табылған. Табылған заттар мемлекеттік күзетіледі. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz