Үрейге толы хабар Ақтау тұрғындарының зәресін ұшырды
Қазақстанда жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. «Ислам мемлекеті» (ИМ, ИГИЛ – Қазақстанда, Ресейде және басқа бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым) террористері халық арасында қауіпті вирус таратып жатқаны туралы мессенджер арқылы тараған хабар Ақтау тұрғындарының зәре-құтын алды, деп жазады «Актау-Лада«.
Дауыс хабарламасы немесе жазба арқылы тараған ақпараттың мәтіні төменде:
«Ескерту! Кімде-кім «біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз» десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы және достарыңызға осы ақпаратты таратыңыздар», — делінген хабарламада.
Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздады
Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламадағы ақпаратты теріске шығарып, жалған мәлімет деп атады.
Онда «фейк» ақпараттың бүкіл белгілері бар:
- Нақты елді мекен немесе күн көрсетілмеген
- Ақпараттың дереккөзі белгісіз
- Ресми органдар растамаған
Бұдан бөлек, дәл осы хабар былтыр Астанада таратылған болатын.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/