Романтикалық образ, реалистік образ
Мектеп оқушыларына әдебиет мұғалімдері қашаннан бері образдың тек екі — ақ түрін атап, түсіндіріп келеді. Олар — жағымды образ және жағымсыз образ. Әрине, бүл түрлердің белгіленуінде әжептәуір логика бар: суреткердің өз шығармасындағы әр образды жасау тенденциясына қарап, әр образдың мінез — құлқына, кескін — кейпіне, іс — әрекетіне қарап, оны не ұнатамыз, не ұнатпаймыз. Мысалы, Амантайды, Ботакөзді, Асқарды ұнатсақ, Итбайды, Мадиярды, Кулаковты ұнатпаймыз. Осыдан келеміз де, алғашқыларын — жағымды образдар, соңғыларын жағымсыз образдар деп ап — айқын екі топқа оп — оңай бөле саламыз.
Ал енді, дұрысын айтар болсақ, образдарды дәл осылай топтастырудың өзі аса ірі эстетикалық сауаттан немесе талғам мен талаптан туған нәрсе емес. Мектеп оқушыларының ұғымына оңайырақ болу үшін, әрине, әлі де болса жағымды, жағымсыз деген анықтағыш сөздер қолданыла тұрар, бірақ университет қабырғасында бұл секілді жадағай, жайдақ ұғыммен місе тұтуға болмайды.
Неге?
Негесі сол,— алдымен, осынау жағымды, жағымсыэ деген ұғымның өзі ерсі Образ дегенді біз тірі адам деп ұғар болсақ, ойлап қараңыз, өмірдегі адам атаулының бәрін жағымды, жағымсыз дегендей ап — анық екі топқа, дәлірек айтқанда, екі сортқа бөлуге бола ма? Осының өзі тіпті мүмкін бе? Ылғи ғана жағымды немесе ылғи ғана жағымсыз мінез — құлықтан құралған адамдық бітім не болмыс бола ма? Жоқ, бұл қиын: әлдебір дайындау мекемесінің елден жиған тері — терсегін сортқа бөлгені тәрізді өмірдегі тірі адамдардың жағымды — сын бір бөлек, жағымсызын бір бөлек іріктеп, сорттап шығу мүмкін емес. Өнерде де солай Айталық, Құнанбай. Адамға тән жақсылы — жаманды не қасиет болса, соның бәрін бір өзіне жинап алған осынау күрделі, кесек тұлғаны тек жағымсыз образ деуге бола ма? Жоқ, болмайды. Олай болса, әдебиеттегі адам образын да әлгідей топтау — тым шартты нәрсе.
Образдьң түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі. Романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т. б Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің үшінші бөлімінде арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік одіс тұрғысынан анықтағандағы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.
Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың, алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның “әрі өнген топырағы, әрі байлық қор. ы” боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей — теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды Со — нау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін, одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар — ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Жазба әдебиетімізге келетін болсақ, Мағауия Абайұлы мен Ығылман Шөрекұлының, Мұхамбетжан Сералин мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың көлемді шығармаларында да талай тамаша романтикалық образдар жасалған. Сәбит Мұқановтың Сұлушашы мен Жұмағали Саинның Күләндасы, Әбділда Тәжібаевтың Абылы мен Қасым Аманжоловтың Абдол — ласы — қазіргі қазақ совет әдебиетіндегі көптен — көп романтикалық образдар — дың жекелеген қадау — қадау үлгілері ғана. Әйтпесе, бұл тізім жалғана береді.
Романтикалық образ — қай жанрдың туындыларында «болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Бір ғана Ғабит Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі әсем типтерін айта қалғандай шеберлікпен жасап берді.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/