Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 2019 жылдың көктеміне жоспарланған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары – орта салмақтағы чемпион Сауль «Канело» Альварес пен  IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі. Үздік боксшылардың арасында жекпе-жек 2019 жылдың 4 мамырына жоспарланған.

Алдағы жекпе-жек туралы боксшылардың өздері мәлімдеді. Дегенмен қай қалада және қандай аренада өтетінін хабарлаған жоқ, деп жазды sports.kz. 

«Синко Де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы – Sputnik) қарсаңында келесі жекпе-жегімді өткізетінімді қуана хабарлаймын. Жеңімпаз атанатыныма күмән келтірмеймін, сонда орта салмақта  абсолютті әлем чемпионы атағына бар-жоғы бір қадам қалады», — деп мәлімдеді Сауль «Канело» Альварес.

Ал америкалық Дэниэл Джейкобс бұл кездесуді көп күткенін және жеңісті қолдан бермейтінін айтты.  


©
AP Photo / Rich Schultz

Даниэль Джейкобс

«Бұл мүмкіндікті көп күттім. «Канелоны» жеңетініме әрқашан сендім, 4 мамырда оны дәлелдеуге мүмкіндік аламын», — деді Джейкобс. 

Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы да бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық  Геннадий Головкинмен кездескен. 2018 жылдың қыркүйегінде  екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес GGG-ді жеңіп, барлық белбеуін тартып алды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/