Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі

0

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады.

Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз ауа-райы, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын- шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады. Бұл туралы zakon.kz РМК «Қазгидромет» берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында кей жерлерде туман, күндіз желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтілелі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/