Ашық сабақ М.Дулатов Шешенің балаларын сүюі 4 сынып

0
Сабақ: М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» Мектеп: М.Өтемісов атындағы орта мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Канатова Тыныштык Сатыбалдина Сынып:4 Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:арлық оқушылар өлеңнің мазмұнын біледі;шығармашылық жұмыс істейді. Оқушылардың басым бөлігі: -өлеңнің тақырыбын, идеясын түсінеді;— өлең құрылысына талдай алады; өз көзқарасын жеткізеді, дәлелдей біледі. Кейбір оқушылар:леңнің мазмұнын түсінеді;— ана еңбегінің қадірін ұғады. Тілдік мақсат Оқушылар:-әр оқушы өзін-өзі бағалайды;-қорытынды жасай алады;-тәрбиелік мәнін түсінеді. Негізгі сөздер мен тіркестер: Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: қайтеді? Жазылым бойынша ұсыныстар: Алдыңғы оқу Менің үйренгенім Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау) Басталуы Психологиялық дайындық жасату. «Біз біргеміз!» тренинг.Топқа бөлу: 1-топ: «Ақ Орда»2-топ: «Ханшатыр»3-топ: «Бәйтерек»4-топ: «Думан» «Мәңгілік ел ұландарына Елбасынан хат»Үй тапсырмасы:1. Түркістан өлеңінің авторы кім?2. «Қорқарың бар, қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?3. Мына үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?«… Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі бурыл сақалды Құнанбайдын жалғыз көзі бұларда емес».4. «Абылай хан» әңгімесіндегі Абылайдың денесі қойылған кесененің аты қалай аталады? Смайлик арқылы бағалау

Топ басшылары бағалайды

Ортасы Қызығушылығын ояту. «Болжау» стратегиясы бойынша1.Ана, бесік, хат суреттерін көрсету2.Көрсетілген суреттегі атаулардың үш тілде аудармасын айтқызу.Ана-мать-motherБесік-колыбель-cradleХат-письмо-letter Смайлик арқылы бағалау

Саусақ арқылы бағалау

Жаңа сабақ: М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

  • Автор туралы.
  • Міржақып Дулатов (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

  • Мәнерлеп оқыту.Топтық жұмыс.
  • Әр топқа бөліп беру.

  • Өлеңнің сұрақ-жауап үлгісіндегі жазылуына назар аударту.
  • Сөздік жұмыс.
  • Көз жасын көлдету-қатты жылау.Оқулықпен жұмыс.Сұрақ жауап«Ортада микрафон»әдісі бойынша .

  • Ақын осы өлең арқылы қандай ой айтпақ болды?
  • Ақын ананың балаға деген махаббатын қалай жеткізді?
  • Ана туралы халық арасында қандай аңыздар бар?
  • Ана туралы қандай даналық сөздер бар?
  • Өлеңде ананың баласына деген қамқорлығы айтылған тұстарды тауып оқы.
  • Шығармашылық жұмыс.І топ.Ана сөзін топтастыр.ІІ топ. Ана туралы мақал-мәтел жаз.ІІІ топ. «Алып-анадан туады» деген сөзді тарқатып түсіндір.ІҮ топ. Ана туралы қандай әндер білесіңдер, бір шумағын айтыңдар. Аяқталуы Қорытындылау: «Соңғы сөзді маған қалдыр» әдісі бойынша сұрақтар:І топ. Ананың қоғамдағы қайраткерлік бейнесі қандай?ІІ топ.Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?ІІІ топ.Тарихта ерлігі үлгі болған аналардан кімдерді білесіңдер?ІҮ топ. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегенді қалай түсінесің?Кері байланыс «Атмосфера»Күн-бәрі түсінікті.Бұлт-түсінбеген жерлерім болды.Жаңбыр-мүлдем түсінген жоқпын.

    Үйге тапсырма:

  • Өлеңді жаттау.
  • №3 тапсырма.Өлеңге кешенді талдау жасау.
  • Бағалау. Смайлик арқылы бағалау