негізгі көріністер
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
негізгі көріністер
Автор: Нугманова Айза Едилболатовна
Бағыты: Сызу Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-17
Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі көріністерді орналастырып , басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыруды үйренеді
Тақырыбы: «Негізгі көріністер»Мақсаты. Негізгі көріністерді орналастыру туралы білім жүйесімен қаруландыру, басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеруСабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік тапсырмаларКөрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағаланатын жетон Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Өткен тақырыптарды қайталау1-слайд: Проекциялау деген не? /Проекциялау дегеніміз нәрсенің проекциясын салу процесі/
Проекциялау қандай түрлерге бөлінеді? /Центрлік және параллель/ Суреттен мысал келтіру.2-слайд: Мысалы, краннан шелекке су аққанда шелектің ізі қандай болады? / шелектің түбінің диаметрі үлкейеді /3-слайд: Мысалы, жерде тұрған шелекке жаңбыр жауса, ізінің көлемі қандай болады?/ бірдей /4-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды.5-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, онда ол параллель проекциялау деп атайды. Соның ішінде параллель проекциялау қиғашбұрышты және тікбұрышты проекцияға бөлінеді.6-слайд: мысалы, жаңбыр желмен біыңғай жауып тұрса, ол жермен сүйір бұрыш жасайды, сондықтан оны қиғашбұрыш проекциялау деп атайды. Егер жаңбырдың тамшылары жермен тік бұрыш жасаса, онда ол тікбұрышты проекциялау деп атайды.7-слайд: Екі нұсқамен берілген тапсырманы орындайсыңдар: сандармен белгіленген элементтерді атаңдар. Орындауға 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап берілген саны бойынша бағаланады.
І – нұсқа ІІ — нұсқа8-слайд: Дұрыс жауабы – 1- фронталь проекция 6 –Z осі2-куб 7 – профиль проекция3- фронталь жазықтық 8 – профиль жазықтық4 – Х осі 9 — У осі5 – горизонталь проекция 10 – горизонталь жазықтықОқушылар бір-бірін бағалайды.ІІІ. Жаңа тақырып хабарланады: Негізгі көріністер /9-слайд/10-слайд: Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні. Мысал келтіріледі.11-слайд: Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Текшенің алты жағы бар.12-слайд: 1- Алдыңғы(басты) көрініс, 2— Үстіңгі көрініс, 3- Сол жақ көрініс, 4-Оң жақ көрініс, 5-Астыңғы көрініс, 6-Артқы көрініс. Бірақта, біздер еуропалық жүйесімен үш көріністі аламыз, олар – алдыңғ, үстіңгі және сол жақ көріністер. Нәрсенің алдыңғы көрінісі туралы толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан оны басты көрініс деп атайды.13-слайд: Басты немесе алдыңғы көрініс – проекциялардың фронталь жазықтығында шығатын кескін14-15 слайд: Үстіңгі көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін16-17 слайд: Сол жақ көрініс – проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін18-слайд:Көріністерді сызбада орналастыруБасты немесе алдыңғы көрініс Сол жақ көрініс Үстіңгі көрініс 19-слайд Кейде сызбадағы толық көріністің орнына бір бөлігін ғана қолданатын жағдайлар болады. Жергілікті көрініс дегеніміз –нәрсе бетінің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні.20-слайд:Сызбадағы көріністер саны ең аз болуға тиіс, бірақ нәрсенің өлшемдері мен пішінін толық айқындауға жеткілікті болуы керек.21-слайд:Сызбада ось координаталар және көмекші сызықтар жүргізілмейді, бірақта көріністер стандарт бойынша дәл бір-бірінің бойында орналасуы тиіс.ІҮ. Бекіту. 22-слайд:Сызбаға қарап нәрсенің үш көрінісін табуЖауабы: 4, 3, Б23-слайд:Сандармен белгіленген 6 тетікбөлшектің екі көріністері мен әріптерменБелгіленген көрнекі кескіндері берілген. Әр кескіннің көріністерін табыңдар.24-25 слайд: Блиц-сұрақтар “Дұрыс” немесе “Қате”
Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні | + |
Алдыңғы көрініс — проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін | — |
Үстіңгі көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін | + |
Сол жақ көрініс – проекциялардың фронталь жазықтығындағы кескін | — |
Алдыңғы көрініс – ол басты көрініс | + |
Сызбада көріністердің саны көп болу керек | — |
Ү. Өзіндік жұмыс.26-слайд: Графикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.Нәрсенің үш көрінісін сызу:
- Басты (алдыңғы), үстіңгі және сол жақ көріністерді анықтау.
- Үш көрінісін сызу.
Сызбада проекциялық байланыс болсын!Стандарт бойынша сызық түрлерін орынды қолданыңыз!ҮІ. Бағалау.ҮІІ. Үй жұмысы: 4.12 сурет
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.