Қиялдың физиологиялық негіздері | Скачать Материал
Қиял
Қиял жөнінде түсінік.
Қиялдың физиологиялық негіздері.
Қиял түрлері.
Шығармашыл қиял әдістері.
Қиял және жеке адам.
1. Қиял жөнінде түсінік
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен
құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей
қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы
суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар,
көрмеген мақұлықтар — енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен
кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.
Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср
қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы
сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай
келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не
фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-
әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және
техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша
салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен
өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік
қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
«Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп,
орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен
қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады» (Рибо). Алайда,
қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял)
өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял
бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы — олардың нақты
болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің
қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені
тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал
қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял
әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ,
болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен
болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан
түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін
болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа
жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз
жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап
қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз
қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі — кенеттен болған өрт
кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп
қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың
зияны халықта «Қорыққанға қос көрінеді» мәтелінде дәл айтылған.
Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн
кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың
арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да
проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму
деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында
жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса,
бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері
қолданылады.
Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық
мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын
елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда
түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық
ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз
ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен
тусіндіруге тырысады. Мұның дәлелі ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай
көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі
ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекше белгі — оның бастау деректері толық әрі дәл
талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда
қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін
ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар»
формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К. Д.
Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял — ақылдылықтың нышаны», — деген.
Сонымен, қиял — алда күтілген проблемдік жағайлар анық болмаған
кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет
бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Л. С. Рубинштейннің пікіріне зер салсақ, шығармашылық қиялдың қуаты
мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады: 1) қиял туындысы мәндік және
мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған
деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекше-ленуі тиіс. Осы екі
талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ тәжірибелік жағанан
пайдасыз.
2. Қиялдын физиологиялык негіздері
Барша психикалық процесстер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары
қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына
байланысты пайда болады. Он ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге
келтіріп, олардың біртүтастығы мен үйлесімдшігінен, композициялык
бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізінде
эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен
ақпараттарды, реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан
бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. «Ақылдан ажыратылған
фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия — өнер атасы,
ғажайыптар бұлағы» (Ф. Гойя).
Қиялдың физиологиялық негізі — жүйке байланыстарының іске қосылуы,
бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы
тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп
шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын
болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен байланыстылығы қиял жасаушы
тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде
жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі процестердің
қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша
психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса
тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады.
Қапелімде қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен өзі шошынып, терге
малынып, қызарып-бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай
қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті,
дәрігерлік институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан
дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін
іздеп, әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам
қатерлі жағдайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди осының
дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: суытқыштар зауытының
жұмыскері рефрежератор машинаның қорабында қамалып қалады. Оның ойынша,
суытқыш жүйе іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына
суынуынан өлген мәйітімін тауып алып, болған жағдайдың себептерін
тексергенде, рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол елім суықтан
емес, суытқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғаны
анықталған.
3. Қиял түрлері
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі
болуының басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген
саналы бағытынан. Әрексет дәрежесіне орай қиял енжар және белсенді болып,
екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін
емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын
әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос
қиялмен нәтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдің «Өлі жандар»
поэмасындағы Манилов бейнесін келтіруге болады. Ш. Айтматовтың «Ақірет»
романындағы Авдий Каллистратоп та осындай кейіпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар
қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер өлі
болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның
қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара
жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс
тұғырына көтерілгенін, екіншісі «5» алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға
туседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның
психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да
кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан,
мүлгіген хәлде, ұйқыға және т.б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз
қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты
бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді.
Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа
ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу
жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялық не тарихи
карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет.
Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа
адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық
жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) іздерді өзінде бұрыннан
қорытылған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіпкерді
жасауда автордың көркемдік шеберлігі, образ құрастырудағы әдістері мен
тәсіл байлығы үлкен рөл ойнайды.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй
жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоционалъдық кейіп жасампаздыққа
кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп, өзінің
не оқып отырғанын түсінбей, мәнін, мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа енеді.
Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған психикалық ауытқулар да
бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына себепші болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі.
Мұндағы «жаңа» түсінігі екі-талай мәнге ие: объективті жаңалық және
субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне — бұл заттық не идея күйінде
дүниеде бұрыш соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне — әрбір жеке
адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағ-дайында өз басы үшін ашатын
жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын
белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану — шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне накты болмыс
дүниеде олі жоқ, ол снді гана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа
бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен бірге
қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді. Шығармашылық
қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы
мүмкін емес. Шығармашыл қиял өнімі бірдейіне заттасқан күйде бола
бермейді, бірақ сол зат бейнесі оның сол уақыт не дәуірде практикалық
іске аспауынан саналық қалыпта сақталады.
Жасампаздық және шығармашыл қиялдар арасындағы айырмашылықты
салыстырмалы сипатта деп түсінген жөн. Жасампаз қиялда да шығармашыл
қиялдағыдай нысан бейнелері жасалып, жаңаланады. Шынында да, жаңа сапа
өнімін бермейтін, шығармашылықпен ұштаспаған қиял болмайды. Әр адам — оз
Қамар сұлуын, Әйгерімін, Төлегені мен Бекежанын бейнелейді, яғни өмірден
көрген, білгендеріне өз … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz