Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат, эмоция және қызығушылықтардың рөлі

0

Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция
және қызығушылықтардың рөлі.
2. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары.
3. Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция
және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі
болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте
балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы
оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты
және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің
мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі
тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде
белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-
біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша
ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ
осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес
келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында
көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне
сәйкес таңдау.
Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт
бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің
басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны
қалыптастыруды үйрену.
Бірнеше мақсаттардан бір мақсатты таңдау және осы таңдауды негіздеу.
Мақсатқа жете алушылықты, шындықты анықтау, мақсатты өз мүмкіндіктерімен
салыстыру және нақты емес мақсаттарды шынайы мақсаттармен ауыстыру. Бұл
жерде таңдалған мақсаттың қиыншылығы баланың өзін-өзі бағалауына, талаптану
деңгейіне сәйкес келеді.
Өзінің мақсатын белсенді тексеру, нақтылау.
Мақсаттың бірізділігін анықтау, кейде мақсатты тек белгілі тәртіппен жүзеге
асыруға тура келеді.
Әрбір мақсатқа жету үшін ресурсты (уақыт және күш) анықтау.
Бұрынғы өткен мақсаттарға (жетістік-сәтсіздік) жету деңгейін, яғни оқу іс-
әрекетін орындаудың бұрынғы нәтижесін ескере отырып, жаңа мақсатты қою.
Мақсатты нақтылау, оның жағдайға байланысты тәуелділігін анықтау, соған
байланысты міндет қою.
Икемді мақсат қою, яғни жағдайға байланысты мақсатты өзгерту.
Перспективалы , яғни нақты жағдайдың шеңберінен шығатын мақсатты қою
(болашақ мамандығына байланысты мақсат).
Қойылған мақсатты жүзеге асыру, қойылған мақсатқа жету үшін құрал және
тәсілдерді таңдау, мақсатқа жету жолында кедергілерді жою.
14. Стандартты, стереотипті емес, соны мақсат қою (шығармашылыққа жақын
оқудың түрі) және т.б.
Осы іскерліктердің барлығы әр түрлі болып келеді, олардың кез келгенін
ескермеу мүмкін емес және барлығы бірігіп балалардың оқу іс-әрекетіндегі
мақсатқа жету қабілеттерін құрайды.
Балада дұрыс мотивациялық бағыттылық тәрбиелеу, мақсатты қою баланың
оқуға деген эмоционалды қатынасына әсер етумен қоса жүріп отыруы тиіс.
Эмоция, сөз жоқ, оқу процесінде мотивтеуші мағынаға ие.
Оқу процесінде жағымды эмоциялар үшін кебіне азық аз, ал кейде жағымсыз
эмоциялар — зерігу, үрей және т.с.с. пайда болады». Психология-да
көрсетілгендей, эмоция өз-өзінен дамымайды, ол бала іс-әрекетінің
ерекшеліктеріне және оның мотивациясына тығыз байланысты. Эмоцияның
ерекшелігін кеңес психологы А.Н. Леонтьев атап көрсеткен. Олар мотивтер
және осы мотивті жүзеге асырудағы іс-әрекеттің жетістік мүмкіндіктері
арасындагы қатынасты бейнелейді. Эмоция адамда мотивтің кекейкестілігі және
адамның өз іс-әрекетін ұтымды бағалауына дейін пайда болады. Осы эмоциялар
кез келген іс-әрекеттің өтуіне елеулі әсерін тигізеді, соның ішінде оқу іс-
әрекетіне де. Эмоцияның реттеуші рөлі оның қандай да бір іс-әрекетпен қатар
жүрген жағдайында ғана емес, сонымен бірге оның алдында болып, балада осы
іс-әрекетке енуге дайындағанда артады. Сондықтан эмоцияның өзі іс-әрекетке
тәуелді және оған өзі әсерін тигізеді.
Психологтардың эксперименті көрсеткендей, ең үлкен эмоционалдылық-ты іс-
әрекетте сыртқы және ішкі, бірақ аз нәтижелі мотив басым болғанда байқауға
болады; кіші эмоционалдылық кемелденген, сапалы процессуалды мотивтің басым
болуымен байланысты. Бірінші жағдайда эмоция белгіленген сипаттамада
болады, яғни тек жұмыспен бірге жүріп отырады, ал екіншіде алдын ала жүріп
отыратын сипаттамаға ие, ягни іс-әрекеттен озып кетеді. Жетістік-сәтсіздік
эмоциясы ішкі және сыртқы нәтижелі мотивтері бар іс-әрекетте күштірек
көрінеді, ал ішкі процессуалды мотивті іс-әрекетте әсері әр түрлі. Іс-
әрекет пен мотив кемелденген сайын, олардың эмоционалды сипаты да өзіндік
мазмұн мен орнықтылыққа ие болады.
Оқу пәндерін қызықты жасау, — деп жазады А.Н.Леонтьев, — бұл яғни ұтымды
әрекет жасау немесе қайтадан анықталған мотив құрастыру, соны-мен қатар
баланың сәйкес мақсаттарын құру. Т. И. Щукипаның айтуынша, қызығушылықтың
қалыптасу процесі іс-әрекетте өтеді, оның құрылымы (міндеті, мазмұны, әдісі
және мотиві) танымдық қызығушылықтың даму объектісінің негізін құрайды.
Балада бәрін білуге қызуғушылықтары туындайтын тамаша қасиет
бар. Мәселен, олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге керек?», «Ақ тиін неге
ағаш басында тіршілік етеді?» «Бөлмеде сымға жабысып шалқалап тұрған
шыбындар ңеге құлап қетпейді?» т.б. осы іспеттес көптеген шытырман сұрақтар
қоюға әуес келеді. Кейбір ата-аналар, кейде мұғалімдер де балалардың
осындай айналаны білсем, танысам екен деген табиғи талпыныстарына жауап
бере бермейді. Көбінде олар «сен мұны бәрібір түсіне алмайсың , кейін
мектепке барғанда оқисың ғой деп, «ұзын арқан, кең тұсауға» салып жүре
береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап қайтара берудің де қажеті жоқ,
өйткені мұндай сауалдардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллект
мүмкіндігін көтермейді де. Бірақ, мына жағдай әр кез есте болуы тиіс. Егер
жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани
тілектері канағаттан-дырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып-білуге
қүштарлығының біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа салынуына себеп болуы
ықтимал. Шәкірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің
де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана
қарқынды дамытуға септігін тигізе алады.

2. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары.
1. Мотивацияны қалыптастыруда мұғалім дәл сол жастағы оқу
мотивациясы дамуының тиімділігін, қорларын, мәселелерін басшылыққа алғаны
жөн. Сондықтан мотиваңияны қалыптастыру оның шынайы деңгейіне, осы жаста
қалыптасқап дәрежесіне сүйенуді қажет етеді, оның жақын күнде дамуын және
оның алыс болашақтағы дамуын шамалайды.
Мотивацияның қорларын жедел іске қосу үшін әрбір жаста балаларды белсенді
қызмет түрлеріне (оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар
және т.б.) баулу қажет, сондай-ақ олардың өзге балалармен (ұстаздары,
құрдастарымен) қоғамдық өзара әрекеттестікте болғаны лазым.
Мектеп балаларының осындай түрлі іс-әрекеттерді орындауы мен әлеуметтік
байланыстарға араласуынан психикалық дамудың жаңа қасиеттері — псикикалық
жаңа түзілістер пайда болады. Бұл психологиялық жаңа түзілістер, зерттеулер
бойынша, баланың бойында: 1) зерттелінетін объектіге (математикалық,
лингвистикалық және т.б.); 2) басқа адамға; 3) өзіне және өзінің іс-
әрекеттеріне жаңа, әрекеттік қатынастың жаңа ұстанымның пайда болуынан
көрінеді.
Оқуға деген жалпы жағымды қатынастың өрбуі емес, оның жеке жақтарының
сапалы өзгерістері, олардың қатынастарының және осыдан мотивациялық
аумақтың құрылымының күрделене түсуі, ерікті, яғни ерік-күшпен реттелетін
оның ұйымдастырылуы мотивациялық аумақтағы жаңа түзілістердің бар болуыньің
көрсеткіштері болып табылады.
Мотивацияны қалыптастырудың ең жалпы, қағидалы жолдарын: талқылайық.
Бірінші жолы — «жоғарыдан төмепге қарай» деп аталатын жол. Бүұл жол
оқу мотивтерінің қандай болуы тиіс екендігіне сәйкес, мектеп балаларын
идеалдар мен үлгілерге қарай баулудан тұрады. Мектепте де, қоғамда да
барлық тәрбиелеу жүйесі осы мақсатқа бағытталған. Мұнда бала «таныс»
мотивтерін өзінің мінез-құлқымен салыстырып, өзі құрметтейтін мотивтерін
қоғам ұстанатын мотивтермен ұштастырады. Бұл жолдың жеткіліксіздігі оның
талаптарынан туған мақсаттарыпың тым ресми игерілуінде. Екінші жолы —
«төменнен жоғарыға қарай» — бала шынайы өмірде түрлі іс-әрекеттерге
ересектердей кірісіп, осылайша, адамгершілік мінез-құлыққа үйренеді. Мұнда
мектеп балаларының бойында шынайы әрекет етуші мотивтер қалыптасады.
6. Мотивацияға оқыту қызметі арқылы тәрбиелеу өте пәрмепді болып
табылғанымен, мектептерде жеткілікті пайдаланылмайды. Көптеген
психологиялық зерттеулерден мотивация сипатын оқыту түрі арқылы
бағдарламалауға болатынын көреміз. Осылай, егер оқыту мазмұны дайын білім
ретінде емес, балаларға арналған тапсырмалар жүйесі ретінде жасалатын
болса, егер балалар оқу курсыныц теориялық ережелерін өз беттерінше таба
алатын болса, олардың бойында оқу қызметі оның бөлшектерімен бірдей
қабылданатын болса, мектеп балаларының бойында ішкі, анағұрлым тұрақты,
оқуға деген жалпылама мотивация қалыптасады.
Психологтар мектеп балаларының … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz