Ғ дыбысы және әрпі, сауат ашу пәнінен сабақ жоспары

0
Технологиялық карта
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға баулу.
Тәрбиелігі: Еріншектікке жол бермеу және қанағат ете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Таға. қанағат

Себепті оятушы
Қызығушылықты ояту
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз!

Ұйымдастырылып негізделген 1. «Ой қозғау»
Таңдаған сандарының артында жасырынып тұрған суретті атап, тақтаға оқушылар шығып жазады.(ата, ана, апа, нан)
2.«Әке мен бала» әңгімесін көрсете отырып, түсіндіру.
3. Сұрақтарға жауап алу.
1. Әкесі баласына не деді?
2. Тағаны кім алады?
3. Тағаны кімге береді?
4. Ақшаға не сатып алады?
5. Бала жол бойы не теріп жейді?
Мақал
Азды қанағат етпесең,
Көптен құр қаласың..

Сөздік жұмысы:
Қанағат — қолдағы барға риза болу
Таға — аттың тұяғы тозбас үшін қағатын бұйым

6.- Мынау не балалар?
Кәне, таға сөзін буынға бөлейік?
— Бірінші буын?
— Екінші буын?
Екінші буынды айтқанда қандай дыбыс естіліп тұр.
Ғ дыбысын дыбыстату.
Ғ дыбысы кедергімен айтылып тұр. Бұл Ғ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Берілген ұғым: Ғ дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.
— Қане, кім «таға» сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді?

7. Суретпен жұмыс.«Ғ» дыбысының сөздегі орнын анықтау., Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру.
Ғарыш, ғарышкер, сағат, ағаш

8. Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.

9. Оқулықпен жұмыс
1. Ғ дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетінін түсіндіру.
Торғай, ғарыш, қарға(Буынға бөлу)
2. Берілген сөздерді хормен және жеке оқу.
3. Сөйлем құрату.

10. Дәптермен жұмыс
Дыбысты біз айттық, естідік. Енді Ғ дыбысының таңбасын жазуды үйренейік. (Баспа және жазба түрін жазып көрсету).
— Ғ әрпін ауада жазып көрсетейік.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптер үлгіге қарап, Ғ әрпін жазамыз
Ғғ дыбысын үлгі бойынша жазу

11.«Ойлан тап» ойыны
Барлық балаға әр түрлі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі.
Сөздерді оқып ғ дыбысы бар сөздерді тақтадағы Ғ әрпінің айналасына топтастыру.
Ғ дыбысы және әрпі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/