«Барыс» хоккейшісі қарсыластар қақпасына ең жылдам шайба салды — Хоккей

0

«Барыс» сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін «Барыс» өз алаңында мәскеулік «Спартакты» қабылдады. Ойын 4:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында бірінші болып қазақстандық команда есеп ашты — құрлықтық хоккей лигасында бойы ең ұзын (бойы 204 сантиметр) хоккейші Сведберг мәскеулік команданың қақпасына 29-шы секундта шайба салып кетті. 

Осыған дейін, «Барыс» екі рет 39-шы секундта шайба салған еді: 29 қыркүйекте сұрмерген Патрис Кормье ригалық Динамо» клубына қарсы ойында (7:3) қақпадан саңылау тапты, ал 10 қаңтарда қорғаушы Алексей Маклюков «Кунлунь» қақпасына (1:3) шайба салды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz