Дене еңбегі | Скачать Материал

0

Кіріспе

Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемелі бейімделуі
арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты
себепкерлігі организмдің өз белсенділігінен туады. Мәнез белсенділігін
мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әр бір кезде пайда болатын
және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмдің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждығы тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты
мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі: тіршіліктік мақсаттар, тағамдық,
жыныстық, қорғаныш іс − әрекеттерімен қанағаттандырады. Әлеуметтік
мақсаттарға адамның еңбектенуі, білім алу, спорт мәденитеттік қоғамда өз
орнын табу іс әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық
мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау, зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін бір
неше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Еңбек физиологиясы
Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.
Ф.Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мүшелерінің
әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және
пихика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейеді, еңбек
қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек − адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсаты,
іс әрекеті. Ол қоғам мен тығыз байланысты әлеуметтік санат. өйткені еңбек
адам тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.
Еңбектену іс әрекетінің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы
зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін
тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғарғы жұмыскерлігін сақтау
үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы
түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс әрекеті мен
физиологиялық көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып
отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика
еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын
іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлігі болып есептелінеді

Дене еңбегі.
Еңбектің барылық түрі адамның қозғалыс іс әрекеті арқылы
атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделу және оны
жете меңгереді.
Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны
вегетативтік жабдықтау қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне
тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл−ой жатады. өйткені
сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да мида өңделеді. Сөйтіп
жауапты қимыл әсерленісі ұйымдастырады.

Гиподинамия. Қазіргі кезед адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне
бұлшықет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан оны тіршілігінде ерекше жағдай
гиподинамия мен гипокинезия жиі кездеседі.
Гиподинамия деп − адам организмінде өзгерістер тудыратын қимыл
әрекетіқарқынының шектелуін көрсетеді. Бұл кейбір ауруларда, қарішкерлерде
байқалады. өйткені олар ұзақ уақыт шағын кабинада және салмақсыздық
жағдайда тірек қимыл апаратына гравитация әсері жойылғанда жұмыс істейді.
Гипокинезия деп − бұлшықеттің аз … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz