Атырау-Орал тас жолында екі көлік соқтығысты
Жол апаты салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. «Лада» мен «ВАЗ» маркалы көліктері соқтығысқан.
«Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті», — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы «Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/