Өзін-өзі тану пәнінің физика пәнімен ықпалдасуы

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Өзін-өзі тану пәнінің физика пәнімен ықпалдасуы

Автор: Кисыкбасова Дарига Азановна

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-11


Материал туралы қысқаша түсінік

Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы білімдерін кеңейту.
Өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу.
Сүйіспеншілікке, ізгілікке, қамқорлыққа, топпен жұмыс жасауға, бірлікке тәрбиелеу.




Көкбұлақ орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қисықбасова Дариға Азанқызы мен физика пәнінің мұғалімі Сары Жетібай Байнауырызұлы.

Өзін-өзі тану пәнінің физика пәнімен ықпалдасуыСыныбы. 7 сыныпТақырыбы: Ғажапқа толы әлем.Құндылық: АқиқатҚасиеттер:«Әлем», «Адам», «Адамзат Міндеті-мақсаты: Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы білімдерін кеңейту.Өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу.Сүйіспеншілікке, ізгілікке, қамқорлыққа, топпен жұмыс жасауға, бірлікке тәрбиелеу.Құндылығы: дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.Қасиеті: жағымды қарым-қатынас, қамқорлық, бағалау.Көрнекілік: үнтаспа, ин тақта, маркер, ватман, жеміс ағашы.Әдіс-тәсілі: жағымды ойлауға бағыттау, әңгімелесу, мәтінді оқу, деңгейлік тапсырма, қорытындылау,Ықпалдасуы: физика,әдебиет, тарих, музыка, бейнелеу.Сабақтың түрі: сайыс түріндеСабақ барысы.I Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, көңіл күйлерін бақылау, сабаққа дайындықтарын бақылау, назарларын сабаққа аудару. Жетондар арқылы 2 топқа бөлінеді. «Аспан» және «Жер» .Жағымды ойлауға бағыттау; үнтаспа қойылады, оқушылар бір баланың бойындағы жақсы мінезін жазып , қолдарына жапсырады. Ол жазғанды бала алып дауыстап оқиды да тілек ағашына жапсырады. ІІ. Психологиялық ахуал. (Жұмбақ)  /физика пәні/1.Екi доп ауысты,Бiр шеңбердi тауысты. (Күн; Ай; Тәулiк) 2.Алып мұхит – ақ алау,Шетi шексiз жағалау. (Көкжиек)3.Сарайдың сансыз шырағы,Нұр шашып, самсап тұрады. (Жұлдыз) 4. Көк жүзiнде ай батқан,Жолақ жатыр,АумағанТөгiп алған қаймақтан. (Құсжолы)5. Айсыз түнде қараңғы,6.Түнекте де боранды.Бiр орнынан жылжымай,Бағыт берер бұлжымай,Қандай жұлдыз шырағы,Жол көрсетiп тұрады. (Темiрқазық)7. Мөлдiр көкте бiр ғана,Шоқтай жайнап тұр дара. (Шолпан) 8.Күндi айналып қозғалады,Артында жарық жол қалады. (Құйрықты жұлдыз)9.  Дұрыстап аңғарсаң,Көктегi бағдаршам. (Үркер)10. Алып кiлем –Гүлге толыҮстi кiлең. (Жер)11. Терезеден есiледi,Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)12. Күн көзiнен құйылады,Жер бетiне жиылады.Құшақ ашап барша тiрлiк,Қуанады, сыйынады. (Нұр) 13.Түсi бар көрiнбейтiн,Бiр тұтас бөлiнбейтiн.Тынысы ол тiршiлiктiң,Ешқашан жерiнбейтiн. (Ауа)14. Ештеңеден қаймықпай,Көздi арбаған өрнекпен.Сурет салар айнытпай,Шебер едi ол неткен? (Аяз)15. Күндiз шырақтай,Тұрады түгел жадырап.Түнде, бiрақ та,Түндiгi жабық шаңырақ. (Жарық пен Қараңғы)16.Ағаштарды шайқайды,Көзге көрiнбейдi.Шарлағанда сай-сайды,Бiр сәт ерiнбейдi. (Жел)17.  Көшiп жүрiп желменен,Сеуiп шықты тамшысын,Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт) 18.Аспаннан домалап,Көп моншақ төгiлдi.Бусанып жон-алап,Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр)ІІІ.Бейнеролик. Тылсым дүние ғажайыптары. ІV. Мұғалімнің сыйы. З. Серікхалиұлының адамның табиғатты танып білуі туралы жазғанын қысқаша әңгімелеп айтып беру. Адам баласы қоршаған ортамен қарым қатынас жасау барысында өз бойына ештеңені жимауы мүмкін емес. Табиғат — ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам табиғаттан көрген-білгенін саралап, ойға түйіп, баға беруге талпынады. Таным нысаны айқындала түскен сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, мүмкіндіктері ашыла түседі. Әрине әлі де жаратылыс құбылысының танылмаған, құпия сыры көп. Адам көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден шалғай ғалам кеңістігін де мейілінше зерттеп, оларды шынайы өмірмен байланыстыру үшін ізгі талпыныстар жасауда. Жаратылысқа адам баласы қамқорлық жасап, өзгертіп, құбылтып, бүкіл қуаныш-қызығының құт- береке көркіне , игілігіне айналдырған кезде ғана Әлем-адамдар әлемі болмақ. Ендеше адам жаратылыс қандай болса сол күйінде, қаз-қалпында қабылдап, сезіну керек. жер-жаһанмен рухани сабақтасу дегеніміз ғаламның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» танып – білу талабынан туындап жатыр. Ендеше адам деген атқа сай болып, бүкіл әлем ғажайыбын тану. Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі.V .Дәйексөз.«Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемді танып біледі». Мағынасын ашу,талдау.( мысалы: ағаштың суретін әр адам әр түрлі салуы мүмкін, ендеше әр адамның қабылдауы әр түрлі)VІ.. Дәптермен жұмыс. Аспан денелері туралы мақал — мәтелдер

1.Таразы туса ,таң суиды ؛сүмбіле туса  су  суиды .2.ай  жарқырап күн  бөлмас , өтірік жарқырап  шын болмас .3.ашылатын кұн  айқұлақтанып батады .3.айдың шалқалап туғаны _ боран — шашынның болғаны .4.үркер суға  тұссе құт,  жерге түссе жұт болады .5.аспанда бар сан   жұлдыз ,сорлатады  сары  жұлдыз .6.жұлдыз жиі болса  ,кұн  ашық  болады .7.Адассаң  темір қазыққа   бақ .8.күн қораланса ,күрегіңді ,ай қораланса аяғыңды сайла .9.құйрықты жүлдіз  көрінсе ,құт кетеді ؛қуаңшылық артынан жұт кетеді .10.тірліктің тамыры күнде ,  тәмірі  жерде .11.үркерлі айдың бары  қыс .12.ай толғанын білмес , жігіт болғанын білмес .13.айдың жарығы төңірегіне түседі ,өзіне түспейді .14.үркер жерге түспей жер  қызбайды .15.қатып қалған қайысқа сорпа бүркер ,аспандағы жұлдыздың алтауы үркер

VІІ. Рефлексия. Соңғы тыныштық сәті. . Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүрек түбіне апарып, өз өмірлеріңде пайдалана біліңдер.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.