Виталий Кличко: «Володя Қазақстанда дүниеге келді, бірақ қазақ емес» — Бокс

0

Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазір Украина астанасы Киев қаласының әкімі Виталий Кличко «Рейтинг букмекеров» жобасы аясында белгілі бокс шолушысы Александр Бельинкиге сұхбат берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сұхбат барысында бұрынғы боксшы Семейде дүниеге келген інісі Владимирмен қатынасы туралы айтып берді.

«Білмейтіндер болса ағайынды Кличко — әскерилер отбасынан. Әкеміз — әскери авиатор. Мен Қырғызстанда дүниеге келдім, бірақ, қырғыз емеспін. Інім де қазақ емес, бірақ, Қазақстанда туған. Дегенмен Қырғызстан — бір кіші отаным десе болады. Қырғызстанда тұрдық, Қазақстанда да, Ресейде де, Балтық елдері мен Чехияда да. Кейін әкеміз Украинаға оралды. Тағы мектеп ауыстырдым, балалық өткен орындарды шолып өткен қызық әрине», — дейді Виталий Кличко.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz