Эхинококк құрттарының иттерде таралуы | Скачать Дипломдық жұмыс
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
Ветеринария факультеті
5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығы
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Нұрғазы Арнұр Қырғызбайұлы
Жұмыс тақырыбы Мал эхинококкозының таралуы, балау, алдын-алу
Университет бойынша 2017 жылғы 14 қараша № бұйрығымен бекітілген.
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2018 ж 08 маусым.
Жұмыстың бастапқы деректері
Эхинококкоз (беріш, бершімек) — жасырын, жіті және жітілеу түрде өтетін, ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын ауру. Эхинококкозбен адам да ауырады. Қоздырғышы: Echinococcus qranulosus larva, Echinococcus qranulosus (имаго). Орналасатын жері: аралық иелерінің паренхиматозды ағзалары (өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек және ақтық иелерінің ащы ішегінде. Даму айналымы: жұмыртқа — ларвоциста — имаго сатыларынан өтеді. Биогельминт. Оның екі иесі бар: ақтық иелері — ит, қасқыр, шибөрі, түлкі. Аралық иелері — қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам.
Эхинококкозға Қазақстанның оңтүстік облыстарында мал көп шалдығады. Ауру барлық маусымда кездеседі. Ауруға сақа қойлар сезімтал.
Цисталары өкпеде орналасса, малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігу болады. Бершімектер бауырда орналасса, асқорыту қызметі бұзылып, малдың іші өтеді немесе кебеді.
Қазіргі таңда ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инвазиялық ауруларын атауға болады. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді. Осындай аурулардың бірі — эхинококкоз.
Сыртқы ортада аурудың көп таралуына әсер етуші факторларын төмендету, жануарлар ауруына зерттеу жұмыстарын жүргізу және онымен күресу мақсатында тиімді жолдарды іздестіру паразитологияның, жалпы ветеринарияның өзекті мәселесі болып табылады.
Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың
індеттанулық ерекшеліктерін анықтау.
2 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын малдардың маусымдық және жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау.
3 Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу.
4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері
Графикалық материалдардың тізімі:
Дипломдық жұмыста 10 кесте, 6 суреттер берілген, сондай-ақ жұмыста 35 әдебиет көзі пайдаланылды.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1 Сабаншиев М.С., Сүлейменов Т.Т., Карамендин Ө., Шабдарбаева Г.С.,
Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. — Алматы, Қазұлтагру, 2003. — 460 бет.
2 Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық протозоология және арахноэнтомология. Оқулық. Алматы. 2011. — 181 бет.
3 Сабаншиев М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. — Оқулық. Алматы Дәуір баспасы, 2011.- 479 б.
4 Исмагилова Р.Г., Рамазанов В.Т., Подлеснов А.В., Рахимбердиев С.А. Иммунологическая диагностика в профилактике эхинококкоза животных и человека в Казахстане (рекомендации). Кайнар. Алматы, 1980. 20с.
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Ғылыми әдебиеттерге шолу
Тұрғанбаева Г.Е.
11.10.2018
Негізгі бөлім
Ахметова Г.Д.
15.12.2017
24.04.2018
Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Оралбаев С.Ж.
15.05.2018
Экономикалық тиімділігін есептеу
Бельгибаева Ж.Ж
15.05.2018
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Төлемісова Ж.К.
Жұмыс жетекшісі,
қауым. профессор _________________ Ахметова Г.Д.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент _________________Нұрғазы.А.Қ.
Дипломдық жобаны жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
№
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Пайдаланылған әдебиеттерді талдап, әдеби шолу жазу.
11.10.2017 ж.
Орындалды
2
Күйістілер эхинококкозы туралы індеттанулық деректерді талдау
15.12.2017ж.
Орындалды
3
Күйістілер эхинококкозының балау әдістерін игеру
10.02.2018 ж.
Орындалды
4
Күйістілер эхинококкозына қарсы күрес шараларын ұйымдастыру.
10.04.2018 ж.
Орындалды
5
Дипломдық жұмысты реттеу, құжаттарды дайындау.
20.04.2018 ж.
Орындалды
6
Жұмысты аяқтап талдау, өңдеу және тапсыру.
10.05.2018 ж.
Орындалды
Кафедра меңгерушісі, профессор _______________ Төлемісова Ж.К.
Жұмыс жетекшісі,
қауым. профессор ________________ Ахметова Г.Д.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ Нұрғазы.А.Қ
МАЗМҰНЫ
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … … …
7
АНЫҚТАМАЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
8
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР … … … … … … … … … … … … … ..
7
1
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
10
1.1
Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы … … … … … … … …
10
1.2
Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті … … … … … … … … … ..
11
2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … … … … … … …
12
2.1
Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
12
2.2
Күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясы мен эпидемиологиясы
16
2.3
Аурудың белгілері … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … .
19
2.4
Ауруды анықтау және өлекседегі өзгерістер … … … … … … . … … … … … ..
19
2.5
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы … … … … … … … … … … … … ..
21
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … .
23
3.1
Зерттеу әдістері және материалы … … … … … … .. … … … … … … … … … … .
20
3.2
Зерттеу нәтижелері … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … .
24
3.2.1
Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың індеттанулық ерекшеліктерін анықтау … … … … … … … … … … … … … … .
24
3.2.2
Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын малдардың мезгілдік динамикасы … … … … … … . … … … … ..
28
3.2.3
Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша мал эхинококкозының жас аралық динамикасы … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … …
29
3.2.4
Орталық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … …
30
3.2.5
Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу … … … … … .
31
3.2.6
Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу жөнінде іс-шараларды жүргізу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
32
3.3
Эхиноккоз кезінде ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
38
4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ … … … … … … . ..
41
5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
45
6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР … … … … … … .. … … … … … … … … … … …
46
7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … .
47
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесi стандарттарға сiлтеме жасалынды:
МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5
МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100, 200, 1000 мл шыны сауыттар
МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар
МЕМСТ 21241- 77 Пинцеттер (қысқыштар)
МЕМСТ 4.318-85 Петри табақшасы
МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп Биолам Р6
МЕМСТ 760105 Микросуретке түсіретін қондырма
ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80
ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга ОПН-3
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста анықтамаларына сәйкес келесi атаулар қолданылды:
ГЕЛЬМИНТООВОСКОПИЯ — гельминтозға диагноз қою мақсатында құрттардың жұмыртқаларын нәжісте табу
ИНВАЗИЯ ИНТЕНСИВТІЛІГІ — жануардың ағзасындағы паразиттер санының (микроскоптың бір көру алаңындағы ооцисталар саны) көрсеткіші
ИНВАЗИЯ ЭКСТЕНСИВТІЛІГІ — паразиттермен залалданған жануарлардың пайыздық көрсеткіші
ЭКСТЕНСТИІМДІЛІК — паразиттерге қарсы дәрілік заттардың тиімділігін сараптағанда барлық дәріленген жануарлардың паразиттерден толық босағандарының пайыздық көрсеткіші
АНТИГЕЛЬМИНТИК- малдың әртүрлі гельминт түрлеріне қарсы алдын-алу және емдеуге арналған дәрілік зат.
БИОГЕЛЬМИНТ- аралық иелердің қатысуымен дамитын паразитарлық құрттар (бір немесе бірнеше).
ГЕОГЕЛЬМИНТ- өмір кезеңдерінде тек бір ғана ақтық иелік ететін сколецидтер.
АҚТЫҚ ИЕ (нақты, соңғы)- өнімділік жүйесін жүзеге асырып, дамып, жынысы жетілген гельминттік сатыдағы иелік.
ДЕГЕЛЬМИНТИЗАЦИЯ- ағза ішіндегі немесе сыртқы ортадағы гельминттер немесе инвазиялық белгілерді шығару, жоюға арналған шаралардың жиынтығы.
ИНВАЗИЯ — мал ағзасына паразиттердің (гельминттің немесе бірторшалықтың) енуі, отандық әдебиеттерде инфекциялар деп бактерия және вирустарды айтады.
ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ЗЕРТТЕУ — паразиттердің қарапайым тіршілік ету ағзаларынан жекелеген түрлерін таңдаулы түрде сойып іздеу (мысалы, описторхозды зерттеуде бауыр мен өт жолдарын, ларвальді эхинококкозда- көкірек және құрсақ қуыстарын, бауыр және өкпені сойып зерттеуден тұрады).
АРАЛЫҚ ИЕ — гельминттердің ларвальді сатысында жетілетін иелік.
СТРОБИЛА- цестод денесі, проглоттидтері жекеленген. Жаңа мүшелер мойын аймағында түзіледі, ортасында стробилалары гермафродиттік, ал соңында — жетілген проглоттидтер болады (көбіне жұмыртқаларға толған).
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартулар қолданылды:
г — грамм
г% — граммпайыз
ИИ — инвазия интенсивтілігі
ИЭ — инвазия экстенсивтілігі
ИТ — интенстиімділік
МЕМСТ — мемлекеттік стандарт
м3 — метр куб
м2 — шаршы метр
мл — миллилитр
мгкг — миллиграммкилограмм
млм2 — миллилитршаршы метр
мсек — метрсекунд
Ок — окуляр
ºС — градус Цельсий
ТЖ — техникалық жағдай
ТН — тіркеу нөмірі
ЭТ — экстенс тиімділік
% — пайыз
КГАР — кері гемагглютинация реакциясы
1. КІРІСПЕ
1.1 Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі таңда көптеген шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Мемлекетіміздің елбасы осы салада жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге мал өнімдерінің сапасын әлемдік сұраныстар мен стандарттарға сай және бәсекелестікке төзімді кластерлі түрде дамуды ұсынып отыр. Айта кету керек осы бағытта тез арада аяқтан нық тұрып, ауқымды пайда алу үшін салынатын салық мөлшерінің азайтылуы, несие алудың жеңіл және тиімді жолдары ұсынылуы сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жасалып отырған жағдайлар Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдер 5 қатарына енуіне өз септігін тигізері анық.
Қазақ халқы ата заманнан төрт түлік мал өсірумен айналысқан, алайда заман ағымына сәйкес басқа да жануарлар өсіруге бет бұрған шаруашылықтар өте көп. Қазіргі таңда ұсақ және ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инва-зиялық ауруларын атауға болады. Инвазиялық аурулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездесіп, ауылшаруашылық малдарының барлық түрін зақым-дайды. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді.
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын өркендетуге кедергі болып отырған инвазиялық аурулар тудыратын гельминттердің ішіндегі маңыздысы эхинококк құрты болып табылады [1, 2, 3, 4, 5].
Эхинококк құрты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, әлі де көптеген мәселелер анықталмай отыр. Бүл басты мәселелерге эхинококк экологиясын зерттеу барысында олардың жануарларда таралуы жэне тигізетін зардаптары мен алдын — ала сақтандыру шаралары жатады.
Эхинококк экологиясын анықтау негізінен эпизоотологиялық, эпидемиологиялық, клиникалық, паразитологиялық т.б. әдістермен жүргізіледі [6 -13].
Аталған әдістердің өзіндік кемшіліктері бар. Атап айтқанда клиникалық белгілері бойынша анықтау көптеген қиыншылықтар тудырады. Себебі, эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері көмескі, айқын емес. Ол өкпе, бауыр т.б. ішкі мүшелердің қабынуына ұқсас болып келеді [14 -17].
Паразитологиялық әдістер қолдану барысында қиыншылықтар кездеседі. Әсіресе, эхинококк балапан құрттары тіршілік ететін берІштерді анықтаудың негізгі әдісі, ылажсыздан сойылған немесе өлген малдардың ішкі мүшелерін патанатомиялық зерттеу болып табылады [18 — 21].
Эхинококкозға шалдыққан жануарлар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Ауылшаруашылық малдары эхинококкозының эпизоотологиясын зерттеу және аурудың алдын алудың ғылыми-негізделген шараларын жасау ветеринария ғылымы мен тәжірибесінде ең өзекті мәселе болып қалып отыр. Сондықтан, эхинококкоз ауруының эпизоотологиясы мен еліміздің оңтүстік өңірлерінің эхинококкоз бойынша эпидемиялық жағдайының деңгейін, эхинококкоз ауруының алдын алу шараларының қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасқан ерекшеліктерін түбегейлі зерттеу ғылыми тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да өте өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызыдылығы. Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясының, жыл маусымына және малдың жасына байланысты зақымдалу қарқынынын зерттеу нәтижелері іс жүзіндегі мал дәрігерлеріне ауруды дер кезінде балау мен алдын алу шараларын ғылыми негізделген түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күйістілердің әртүрлі жас топтарының эхинококкозға шалдығу қарқыны анықталды.
Ауруды жұқтырудың негізгі көзі болып ауруға шалдыққан малдар мен қоздырғыш тасымалдаушы етқоректілер болып табылады.
1.2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті. Дипломдық жұмыс 2017-2018 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданы Құмтекей жеке шаруа серіктестігінде, Райымбек аудандық ветеринариялық зертханада, аудандық мал сою пункттарында және Қазақ ұлттық аграрлақ университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының паразитология ғылыми зертханасында жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты — Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясын, балау және алдын алудың тиімді жолдарын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың маусымдық динамикасын анықтау
2 Эхинококкоздың таралуын малдардың жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау
3 Эхинококк құртының қой шаруашылықтарында таралуын кері
гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу
4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы
Мал эхинококкозы (ларвалды эхинококкоз, беріш, бершімек) — бұл көбінесе жасырынды түрде, кейде жіті, жітілеу түрде өтетін, таспа құрттың ларвоцистасы қоздыратын, сүт қоректі жануарлар мен адамның антропозоонозды, өте кең таралған, әр түрлі ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы.
Жіктелуі:
Тұқымдасы: Taeniidae
Туысы: Echinococcus
Түрі: E. qranulosus (ересек сатысы ақтық иеде — иттерде ащы
ішегінде орналасады).
Ларвоцистасы Echinococcus qranulosus larva (эхинококк көпіршігі,
беріш, бершімек) — аралық иеде әртүрлі мүшелерде кездеседі.
Ларвоциста, көпіршігі олардың көбінесе өкпе мен бауырында, кейде талақта, мида, жұлында, сүйекте, т.б. мүшелерде жайғасады.
Морфологиясы:
1. Ларвоцистасы яғни балаң құрты Echinococcus granulosus larva — бұл көпіршік, көлемі бұршақтың дәнінен адамның баласының басындай болады. Қос қабықты — дәнекер ұлпа қабаты мен герминативтік қабаты бар. Ішінде сұйығы және көптеген протосколекстер мен шығыс капсулалары бар. Шығыс капсулалардың ішінде де майда протосколекстер өте көп, ол болашақ таспа құрттардың бастары.
Көпіршіктің ішінде екінші буын, одан үшінші буын көпіршіктер туындап өсе береді. Оларды қыз және немере бершімектер деп атайды. Туындап өсіп жататын бершімектер көпіршіктің ішіне де, кейде қабығын тесіп, сыртқа да шығып өсуін жалғастыра береді. Сондықтан біз малдың өкпесінен, бауырынан көптеген бершімектерді көреміз. Жүзге кейде мыңға тарта ірілі- ұсақты бершімектер болады (1-сурет).
Сурет-1. Echinococcus granulosus larva
Беріштің сыртында қалың капсуласы бар. Ол иесінің ұлпасынан қалыптасқан. Беріштің өсіп-өнуіне қарай эхинококк көпіршіктің үш түрі (типі) болады:
1. Echinococcus hominis — адамдар мен маймылдарда (приматтарда) кездеседі. Олар классикалық беріш болып саналады. Ішінде протосколекстер, шығыс капсулалар қыз және немере бершімектері бар.
2. Echinococcus veterinorum — ішінде тек қана шығыс капсулалар мен протосколекстер бар. Ірі қара мен қойда кездеседі, адамда өте сирек болады.
3. Echinococcus acephalocysticus — яғни бұл стерильді көпіршік болып саналады, сколекстері, яғни бастары жоқ. Эхинококк бершімегінде құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды қорғаныш күштері жақсы дамыған кезде туады.
Беріш — эхинококк ірі қара малда, қойда, ешкіде, шошқада, түйелерде, бұғыда, сирек жағдайда жылқыларда, кейде адамдарда кездеседі. Адамның әр түрлі мүшелерін зақымдайды. Ол көбінесе өкпеде, бауырда, сирек түрде көк бауырда (талақ), бүйректерде мекендейді.
2. Имаго — ересек сатысы, қысқа, ұсақ 5-6 мм-ге дейін қарулы таспа құрты, бунақ денесі 4-5 буылтықтардан құрылған. Соңғы пісіп-жетілген буылтық қалған денесінен ұзын болады, асып тұрады, ұзынша келеді, ішінде жалғыз ғана қапшық секілді, іші жүздеген жұмыртқаға толы жатыры орналасады. Жұмыртқада онкосферасы бар.
Бұл имаго тұрақты иелерінің — ит тұқымдастар жануарларда (ит, қасқыр, қарсақ, шиебөрі, түлкі, т.б.) ащы ішегінде өмір середі (1-сурет).
Сурет-2. Есhinococcus granulosus (имаго)
3. Жұмыртқа — майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар, ішінде ұрығы — онкосфера бар.
Биологиясы — Биогельминт, екі иесі бар.
Ақтық иелері — ит, қасқыр, шиебөрі, түлкі, т.б. ет қоректілер.
Аралық иелері — қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және т.б. сүтқоректілер.
Ақтық иеден — иттерден нәжіспен үздіксіз пісіп-жетілген буылтықтар түседі, олардың ішінде 800-ге жуық жұмыртқалары болады. Мал осындай құрт онкосферасын жем-шөппен не сумен қоса жұтып қойған кезде эхинококкозға шалдығады. Мал ішегінде онкосфера өзінің ілмекшелерінің көмегімен ішек қабатын тесіп қан тамырларына өтеді. Одан қан айналысы арқылы бауырға, өкпеге және т.б. мүшелерге жетіп, тұрақтап өсе бастайды, 5-6 айдан кейін эхинококк көпіршігіне айналады.
Тұрақты иелері — иттер, эхинококкозға шалдыққан малдың ішінде цистасы бар өкпе-бауырын шикідей жеген кезде, олардың ішегінде E.granulosus таспа құрттары өсіп жетіледі, 41-49 күн мерзімінде ересек құртқа айналып, ит нәжісімен бірге олардың жұмыртқалары сыртқы ортаны ластап, малға ауру жұқтыра бастайды.
Эхинококкоз адам үшін де өте қауіпті ауру, адам абайсыз жеміс-жидек, өсімдіктермен, сумен, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.
Сурет-3. Echinococcus granulosus таспа құртының биологиясы
Эхинококк құртының ересектері ит тұқымдастарында, ал дернәсілдері шөп қоректілерде қой, ешкі, сиыр, есек, түйе, шошқа, бүғы, киік, арқар т.б. түқымдас аңдарда тіршілік етеді.
Эхинококк таспа құрты әсіресе Қазақстандағы мал шаруашылығында өте кең тараған паразит. Эхинококк үш-төрт буыннан түратын ұзындығы 2-6 мм келетін таспа құрт. Басында төрт сорғышы жэне екі қатар болып орналасқан отызшақты ораққа ұқсас қармақшалары немесе ілмектері болады. Осы мүшелері арқылы құрт иттің ащы ішегінің ішкі қабатына бекінеді. Басынан кейін мойыны жэне буындары орналасқан. Эхинококк буындары сыртын тегумент деп аталатын бұлшық етті тері қапшығымен қапталған. Тегументтің сыртында көзге көрінбейтін майда өскіндер орналасқан. Олардың қызметі қоректік заттары денесіне сіңіру болып табылады. Сыртқы базальды мембрананың астында шеңбермен және үзынша келген бұлшық еттер орналасқан.
Эхинококк құртының ас қорыту жүйесі болмайды. Олар қоректі иесінің ішегінен тері қапшығы арқылы сіңіреді.
Жүйке жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзінен артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. Бағаналар өзара көлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін құрайды. Ерекше дамыған екі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен коптеген тармақтарды бөледі, олар өзара тұтасып, тері асты нерв қабатын түзеді. Сезім мүшелері денесінің беткі жағында сезу жасушалары түрінде шашырап таралған. Көп молшерде олар бас бөлімінде, сколексте кездеседі.
Зәр шығару жүйесі — протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына созылған екІ негізгі зэр шығару түтіктері өтеді. Түтік дененің артқы жақ шетінен басталып алдыңғы жаққа қарай бағытталады. Бас бөлімге жеткен түтік қайта кері бағытта артқа қарай жетіп, зэр шығару саңылауымен аяқталады. Кері бағытталған екі түтік денесінің соңында бірігіп, жиырылғыш қуықпен аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойына созылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байланысып, сатылы түрде болады. Соңғы буындардың үзіліп түсуінІң нәтижесінде жиырылғыш қуығы жоқ, бүйірлік түтіктер тікелей сыртқа қарай ашылады. Зэр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішінде ( паренхимаға ) қарай көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тэрізді
„кірпікше жалынды,, терминальды жасушалармен аяқталады. Терминальды жасушалар арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге отіп, негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолмен тыныс алады.
Таспа құрттар қос жынысты гермофродиттер.
Аталық жыныс жүйесі: жыныс безінен, тыныс түтігінен, сыртқы және ішкі жыныс қапшығынан, жыныс бурсасынан және жыныс тесігінен түрады.
Аналық жыныс жүйесі: оотиптен, оған жалғасқан аналық жыныс безінен, сарғыш денешіктерден, Мелисса денешіктер, жатыр және қынаптан түрады. Қынап аталық жыныс түтігімен қатар орналасып сыртқы тесікпен жэне оотиптен байланысады. Аналық жыныс жасушасы үрықтанған соң жатырга жиналып жетіледі. Соңғы буындарының үзындығы 1,5-2,5 мм, ені 0,5-0,6 мм келіп жетілген жүмыртқа толған жатырдан түрады. Сыртқы ортаға 400 ден 800- ге дейін жатырда жинақталған жүмыртқа буынмен бірге шығады.
Жүмыртқасының диаметрі 0,0030-0,060 мм, сырты қалың қабықпен қоршалған. Эхинококк таспа қүрты негізгі иесінің ішегінде 2,5-3,0 айда жыныстық жетіліп, 6-айдан астам тіршілік етеді. Эхинококк таспа қүртының негізгі иесіне ит, қасқыр, қарсақ, түлкі, шиебөрі т.б. ит түқымдастар жатады. Олардың ішегінде жүздеген, мыңдаған эхинококк таспа қүрттары кездеседі. Сыртқы ортаға шыққан жүздеген буындар денесіндегі шеңберлі және үзынша бүлшық еттерінің жиырылуы арқылы ішіидегі жүмыртқаларын сығып шығарады. Олардың кейбір буындары иттің артқы тесігінің маңында қалып қойып жүндердің арасында жылжып жүмыртқасын шашады. Қышынған жерін тістелеген иттің түмсығы паразит жүмыртқаларымен былғанады. Адамдар итті сипағанда, түмсығын ұстағанда эхинококк жүмыртқаларын жұқтырады. Паразит жұмыртқаларымен залалданған шөппен, сумен, жемнен жұқтырылған малда эхинококкоз немесе шемен ауруы пайда болады.
Ішке енген жүмыртқаның қалың қабығы тұз қышқылы және ас қорыту сөлінің әсерінен ерітіліп, онкосфера-эхинококк дернәсілі босап шығады. Ол өзінің басында орналасқан алты қармақшасы арқылы ішек қабырғаларын тесіп, қан тамырларына енеді. Қан айналым онкосфераны бауыр, өкпе т.б ішкі мүшелерге таратады. Эхинококк дернәсілінің ең көп жинақталатын жері бауыр мен өкпеде беріш түзеді. Беріш алғашқы айда 1мм, 3 айда — 5мм,
5 айда — 10мм болып өседі. Оның өсуі малдарда 5 — 10 жылға, ал адамдарда 10 — 30 жылға дейін созылады. Беріш сырты ақшыл келген хитин қабығымен көмкерілген. Ішкі гермативті қабыгы екі қабат жасушалардан құралған. Беріш ішінде түсі мөлдір, қүрамында: инозит, тирозин, янтар қышқылы, альбумин т.б. органикалық заттар жэне ас тұзы болатын сүйық болады.
Ішкі генеративті қабықтан эхинококк балапан қүртының басы-сколекстер өніп шығады. Кейде сколекстер қабықтан бөлініп, сүйықта қалқып жүреді. Беріш сүйығында көптеген майда ақ түйіршік — сколекстер жинақталады. Осындай беріштерді Echinococcus granulosus қойларда, шошқаларда жиі кездеседі. Кейде ірі қара ішкі мүшелеріндегі эхинококк беріштерінің ішінде сколекстер қүралмайды. Мүндай беріштер-ацефалоцист деп аталады. Олар келешек негізгі иесінде енгенде ересек эхиноккокк таспа қүрттарын түзе алмайды. Эхинококк берішінің тағы бір түрі Есһіпососсиз һошіпіз көбіне адамдарда кең тараған. Олардың гермативті қабығынан жас беріштер оніп шығады. Кейде жас беріштердің ішінен тағы беріш өніп көп қуысты болып келеді.
Эхинококк таспа құртының негізгі иесі иттер паразит беріштері бар малдың ішкі мүшелерін жегеннен жүқтырылады.
2.2 Күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясы мен
эпидемиологиясы
Эхинококктардың қоздырушысы космополит боп саналады, яғни эхинококкоз ауруы Қазақстанның барлық аймақтары мен өлкелерінде кең тараған цестодоз. Ол әсіресе қой, ірі қара малдың арасында өте жиі кездеседі. Оңтүстік облыстарда бұл гельминтозға мал солтүстік аймақтарға қарағанда көп шалдығады. Бұл дерт барлық маусымда да кездеседі, бірақ, өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі, азықтандырылуы нашарлаған жағдайда жиірек болады. Эхинококкоздан, әсіресе сақа қойлар арасында шығын көп болады. Бұл гельминтоздың мал мен жануарлар арасында кең таралуының басты себептері мынандай:
1. Иттерді жоспарлы түрде алдын-ала ғылыми негізде белгіленген мерзімде дегельминтизацияланбауы.
2. Өлген немесе етке сойылған қойлардың және басқа да малдың эхинококк цистасымен залалданған өкпе-бауырын иттерге бере салу, иттерге жегізу.
3. Дегельмитизация жасаған дәріні бере салысымен иттерді босатып қоя беру, ал, нұсқауы, тәртібі бойынша дәріленген иттерді екі күн бойы байлауда ұстап, ішінен түскен нәжісті, құрттарды өртеп жіберу керек.
Осы айтылған жайттардың эпизоотологиялық маңызы өте зор. Эхинококк таспа құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір шаруашылықтардағы иттердің 70 — 80 %-нан осы құрттарды табуға болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті залалдану деңгейі осындай:
шопан иттерінің 3,7 — 81 %-ға дейін;
ауыл иттерінің 0,4 — 65 %-ға дейін;
қала иттерінің 2,7 — 45 %-ға дейін.
Малдың залалдануы 12,3-86,7 % аралығында болады. Олардың жасы ұлғайған сайын эхинококкозға шалдығуы да арта түседі.
Мысалы, Алматы ет комбинатында сойылған қойлардың 7-53 %, сиырлардың 6-51 %, шошқалардың 0,3- 3,21 % эхинококкоға шалдыққаны анықталған.
Қазақстанда қой эхинококкозға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Орал, Ақтөбе өңірлерінде өте жиі ұшырасады — бұл жерлерде аурудың таралу деңгейі 40 — 67 % шамасында. Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның таралуы орташа деңгейде.
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25 % деңгейінде.
Мал дәрігерлік орталықтарының зерттеуі мал шаруашылықтарда эхинококкоздың таралуы 40-60 пайызға жететіндігін анықтады [23,24].
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қой шаруашылығында эхинококкоз — 52,8%, ірі қарада — 26,5%, шопан иттерінде — 39,4% кездеседі екен [25,26]. Ғ.Ә.Абдрахманованың (2000) зерттеуі бойынша Семей облысының мал шаруашылығында эхинококкоздың таралуы 40-75% жеткен [27].
Алматы облысының кейбір шаруашылықтарында бүл көрсеткіш 80% дейін көтеріледі екен. Мал дәрігері ғылымының докторы Я.М.Кереев 1996-2000 жылдары еліміздің оңтүстік — шығыс жэне оңтүстік облыстарынан 4724 бас қойды тексеріп, олардың 1362-нен (33,1%) эхинококкоз ауруы анықталган. 3092 бас ірі қараның 675-де немесе 21,8% эхинококкоз ауруы табылған [28]. Тексерілген 1080 бас жылқының 58-і немесе 5,4% эхинококкоз анықталса, 1383 бас шошқада 51 немесе 3,7% эхинококкоз паразитінің ауруы бар екені мәлім болған.
Эхинококкозбен ауырған малдардан келетін экономикалық шығын Ғ.Ә.Абдрахмановтың (2000) көрсеткіші бойынша: әр 100 саулық қойдан 12 төл кем алынып, әр қойдан 200 грамм жүн аз қырқылып, сойылған әр қойдың 2,2 килограмм ет кем алынады екен. Бүл ауруға ұшыраған сиыр сүтті екі есе аз беретіндігі белгілі болды. Тек Алматы облысының ауыл шаруашылыгы жыл сайын осы аурудың кесірінен 170 мың теңгеге дейін экономикалық зардап шегетіні анықталған [27].
Эхинококкоздың таралуы үй жануарлары мен иттер және адамдарға әсер етсе, ондай аймақтар антропургиялық немесе синантропты ошақты аймақтар деп аталады. Бұндай аймақтарда жануарлармен бірге адамдар да жиі ауырады [29,30,31]. Эхинококктың табиғи және синантропты ошақтары бірі-бірімен араласпай жеке-жеке болуы мүмкін, ал кейде бірігу барысында эхинококктың аралас ошақтары түзіледі.Табиғи ошақтардың синантроптық ошаққа ауысуы иттердің тағы аңдардың өлекселерімен қоректенуімен басталады.
Сонымен бірге үй жануарларының тағы аңдардан шыққан эхинококк жұмыртқаларымен былғанған шөптерді жеуден, суды ішуден жүғады. Синантропты ошақтардың табиғи ошаққа өтуі қасқырлар мен түлкілердің үй жануарларын ұстап әкетуінен немесе олардың эхинококк жұмыртқаларымен былғаған шөптермен қоректенуінен немесе суды ішуінен жүқтырады. Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда қасқырлар эхинококкозы жиі кездеседі. Олар негізінен даладағы үй жануарларының өлекселерін жеу арқылы жүқтырады [31]. Синантропты ошақтарда эхинококкоз айналымына адам араласқандықтан, бүл айналымды тек адам ғана реттеуге тиіс.
Сондықтан синантропты ошақтарда эхинококкозбен күресу медицина қызметкерлері, мал дәрігерлер мен биологтардың басты жұмыстары болып саналады. Бүл жағдайды реттеу үшін адамдар эхинококктың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясы анықтаумен қатар оның экологиясын зерттеу қажет. Табиги ошақтылық жағдайын түсіне білу адамдарды және ауылшаруашылық малдарын инфекциялық, инвазиялық үлкен қатерден сақтандарудың бірден-бір мәселесі екендігін айтуға болады [32,33]. Эхинококкоз адамдарға иттерден жұғады. Эхинококк балаң қүрты иттердің ішегіне енгенен соң 4-5 айда жетіліп, сыртқы ортаға нәжісі арқылы жүмыртқаларын шығара бастайды.
Эхинококк құрты ит ішегінде 12-14 ай тіршілік ету барысында жұмыртқаларын шашып, малдар мен адамдарға эхинококкоз ауруының жүғуына себеп болып отырады. Эхинококкоздың таралу дәрежесіне байланысты Қазақстан территориясы шартты үш аймаққа бөлінеді. Эхинококкоздың ең көп тараған аймағына: Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары жатады.
Эхинококкозды орташа тараған аймағына: Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары жатады. Ал, сирек кездесетін аймаққа Қарағанды, Қостанай, Солтүстік жэне Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары жатады. Эхинококкоз көбінесе малдардан жұғатын болғандықтан мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда кең тараған. С.О.Ордабаев т.б. ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанда эхинококкозбен соңғы 10 жылда 2945 адам ауырып, емделген. Онда бершімектің ең көп таралуы бауырда 54,24 % болатыны көрсетілген. Онан кейінгі таралу көрсеткіштері өкпеде- 26,1%, бүйректе -4,0%, көк бауырда — 2,3%, ішекте — 1,5%, жүректе — 1,4%, сүйекте — 0,8%, бүлшық етте — 0,8%, мида — 0,8%, қалқанша безде — 0,3% болатыны байқалған[33].
Эхинококкоз ауруының Қазақстанның Оңтүстік аймағында кеңінен таралуы себептеріне иттерде профилактикалық шаралар жүргізілуінің жүйелі жүргізілмеуі мен лажсыздан сойылған немесе эхинококкоз ауруымен өлген малдардың ішкі мүшелері уақтылы залалсызданбауы және оңтүстік облыстарда паразит жұмыртқаларының таралу жиілігі жоғары екендігі көрінеді.
2.3 Аурудың белгілері
Эхинококкоз созылмалы түрде қозатын ауруға жатады. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өкпе мен бауырдағы бершімектердің көлемі едәуір ұлғайып, бұл мүшелерде паренхимасын зақымдап бүлдіруі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Цисталардың дамуына малдың күтімі, жасы және олардың иммунды қорғаныш күштерінің жағдайы зор әсер етеді.
Сонымен қатар эхинококк бершімегінің аталған мүшелерінде орналасуының аурудың клиникалық белгілерінің айқындалуына тигізетін әсері мол.
Эхинококк цисталары өкпеде, оның бронхылары бойында орналасқан жағдайда малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігуі, ал кішкене балғашамен перкуссия әдісімен ұрғылап тексергенде бершімек орналасқан өкпе тұсының дыбысы күңгірттеніп, ал тыңдаған кезде сау өкпеге тән везикулярлы демалыс бәсең білінеді немесе түгелдей естілмеуі мүмкін (бұл клиникалық белгіні немое легкое деп атайды). Мұндай мал бірте-бірте арықтап, қоңынан айырылып, көбінесе қыс айларында өліп қалады.
Бершімектер бауырда пайда болған кезде, бауыр көлемі қатты ұлғаяды, малдың іші өтеді немесе кебеді, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады, күйіс қайыруы әлсірейді. Мұның бәрі бауырдың өт шығару қызметінің нашарлауына байланысты туатын жағдайлар. Бауырда цисталар көп болып, олардың көлемі көп ұлғайса бауыр үлкейіп, малдың құрсағы салбырап, ішін төмен тартады. Жүні түссізденіп, тез жұлынып түсуі жиі байқалады. Мал әбден арықтап, өледі.
2.4 Ауруды анықтау және өлекседегі өзгерістер
Тірі малдан эхинококкозды анықтау өте қиын. Ауруды анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады.
1. Рентгеноскопия, яғни рентгенді қолдану — бұл әдіс шаруашылық жағдайында көп қолданылмайды.
2. Аллергиялық, иммунологиялық әдіс — бұл ең тиімді әдіс болып саналады. Ол үшін Р.С.Шульц және Р.Г.Исмагилова (1959) жасап, өндіріске ұсынылған құрғақ эхиноаллерген КазНИВИ жиі пайдаланылады. Ол эхинококк протосколекстерінен жасалған, ақ-сұр түсті иіссіз ұнтақ. Малды тексеру алдында құрғақ аллергенді ас тұзының физиологиялық ертіндісіне 1:1000 қатынасындай етіп ерітеді.
Ерітілген аллергенді 1-2 грамдық шприцке кигізілген жіңішке иненің көмегімен малдың құйрығы астындағы қыртыс тері қабатына енгізеді. Антиген мөлшері қойға 0,2 мл, сиырға 0,5-0,75 мл әр басқа. Егер аллерген дұрыс жіберілсе теріде кішкене томпақша келген тығыз ісік пайда болады. Реакцияның нәтижесін 2 — 3 сағат өткен соң байқауға болады.
Егер қойларда тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 2 см-ге дейін болса мал эхинококкоздан таза (-), 2-2,5 см шамасында болса, онда мал ауру не сау екені күмәнді (+), 2,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).
Егер ірі қарада тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 3 см-ге дейін болса мал эхинококкоздан таза (-), 3-4,5 см шамасында болса, онда мал ауру не сау екені күмәнді (+), 4,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).
Осы аллергиялық әдіспен эхинококккозды мал ауруға шалдықққанын 14 күн өткен соң-ақ анықтауға болады. Осы реакцияның анықтау тиімділігі 82 — 92 % тең.
Бірақта осы аталған реакцияның кемшіліктері де бар. Оларды ескерген жөн. Өйткені, кейбір кезде сау малдың да терісі ісініп оны эхинококкоз деп қате анықталуы мүмкін; кейде жануар денесінде басқа цестодалардың көпіршіктері болса (ценурлар, цистицерктер) оң, айқын реакция, яғни топтаулы реакция көрсете береді.
Сонымен қатар қоңы төмен малдың өкпе, бауырында эхинококк цистасы бар бола тұрып, аллергиялық реакция болмайды. Ондай жайт арық малдың иммунологиялық қасиеттерінің әлсірегенін көрсетеді.
Ветеринарлық заңына сәйкес бұл ауруға шалдыққан малдарды, арықтамай тұрғанда, өздерінің қоңдылығын жоғалтпай тұрғанда, етке өткізіп жіберу керек. Сол себептен барлық малды күзде аллергиялық әдіспен зерттеген жөн.
Эхинококктың антигендік құрылымы күрделі болып келеді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша паразит берішінің толық антигені 23 компоненттен, ал оның ішіндегі сұйығы 10-16 компоненттен тұрады [34].
Эхинококк антигенін зерттеуге ИЭФ қолданылғанда беріш сұйығында 13- 19 антиген компоненттері болатындығы байқалды [35].
Кейбір зерттеулер беріш сұйығы 10, протосколекс езіндісі 17 антиғендік компоненттен тұратынын көрсетеді. Антиген компонентінің барлығы тек паразитке тән емес, кейбірі оның иесіне де ортақ болып келетіні анықталған [36].
М.А.Раззаков [10644] беріште байқалған 12-13 антиген компоненттерінің барлығын иммунологиялық реакцияларға қолдануға болмайтынын байқаған. Кейбір антиген компоненттеріне қарсы антиденелер тек иммунизация кезеңінде ғана, ал табиги эхинококкоз кезде байқалмайтыны анықталды. Эхинококкозбен ауырған адамдардың қан сарысуын зерттеғенде паразит антигенінің тек үш компоненті ғана сезімталдығы жоғары екендігін көрсетті.
3. Сколекспреципитация әдісі — өте нәтижелі әдістердің бірі. Бұл әдісті мал эхинококкозын анықтаумен қатар адамды осы антропозоонозға тексеру үшін қолдануға болады. Бұл әдісті Қазақстан ғалымы, профессор Р.С.Шульц және оның шәкірті Р.Г. Исмагилова (1962) ұсынған. Антиген ретінде мал өкпесіндегі немесе бауырындағы эхинококк цистасынан алынған тірі протосколекстер пайдаланады. Реакция жүргізу үшін адамның не малдың көк тамырынан 5-6 мл қан алады. Қанның сарысуын қалыпты әдіспен айырып альп, кішкене ыдысқа құяды, ішіне құрт протосколекстерін салады. Егер протосколекстердің айналасында ақшыл белок негізгі преципитаттар пайда болса, онда тексерілген адам не мал эхинококкозға шалдыққан деп пайымдалады. Бұл әдістің диагностикалық тиімділігі өте жоғары. Ол қазіргі уақытта медицинада кең қолданылады.
4. Латекс — агглютинация.
5. Комплементті ұзақ мерзімге байлау реакциясы (ҚҰБР).
6. Тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГАР).
Барлығы да қан сарысуынан эхинококк қоздырғышына қарсы организм қорытып шығаруға иммунды белок негіздес заттарды іздестіруге арналған реакциялар.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болады. Өкпесінде не бауырында жай көзбен-ақ, қарап, қолмен басып-сипап және пышақпен тілімдеп жарып тексеру арқылы эхинококк бершімегін табу қиын емес. Бірақта оларды цистицерктерден (жылауық), туберкулездың ошақтарынан ажырата білу керек.
2.5 Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Эхинококк биологиялық тізбегінде иттердің рөлі үлкен. Иттердің ішегінде эхинококк таспа құрттары жыныстық жетілу дәрежесіне жететіндіктен, олар паразиттің негізгі иесі болып саналады. Эхинококк құртының ит ішегінде өсіп- жетілу мерзімі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаз айларында ол 31 күнге жетсе, күз айларында 39 күнге, қыс айларында 83 күнге, ал көктем кезінде 69 күнге созылады екен [80].
Жетілген эхинококк құрттары 60 күннен 330 күнге дейін өмір сүреді, яғни эхинококк құрты иттің ішегінде 11 айға дейін тіршілік етеді. Иттің ішегіндегі 20 мыңнан астам эхинококк құрттары сыртқы ортаға күнделікті мындаған жұмыртқаларын шашып, қоректі заттарды, суды т.б. қоршаған орта заттарын ластайды. Әсіресе эхинококкоз ауруын таратуда қойшылардың иттерінің маңызы ерекше. Олар аурудан өлген малдардың ішкі мүшелерін жеп, эхинококк балаңқұрттарымен өздерін жүқтырады. Адамдар сол ауру иттерді күткенде, сипалағанда қолдарына паразит жұмыртқаларын жұқтырады. Осы қолдарын жумай тамақтанса, паразит жұмыртқалары олардың ішіне енеді. Сондай-ақ иттің нәжісі араласқан топырақпен, жұмыртқалары қолға жабысып ішке енеді.
Иттердің эхинококк құртының жұмыртқаларының таралуы туралы С.О.Ордабеков т.б. (2003) мәліметтері бойынша қой қоралардан 100 метр қашықтықта топырақта 500 дана, 200 метр қашықтықта 50 дана, ал 300 метр қашықтықта 10 эхинококк жұмыртқалары кездесетіндігін зерттеп дәлелдеген.
Эхинококк таспа құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір шаруашылықтардағы иттердің 70 — 80 %-нан осы құрттарды табуға болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті залалдану деңгейі осындай:
шопан иттерінің 3,7 — 81 %-ға дейін;
ауыл иттерінің 0,4 — 65 %-ға дейін;
қала иттерінің 2,7 — 45 %-ға дейін.
Малдың залалдануы 12,3-86,7 % аралығында болады. Олардың жасы ұлғайған сайын эхинококкозға шалдығуы да арта түседі.
Мысалы, Алматы ет комбинатында сойылған қойлардың 7-53 %, сиырлардың 6-51 %, шошқалардың 0,3- 3,21 % эхинококкоға шалдыққаны анықталған.
Қазақстанда қой эхинококкозға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Орал, Ақтөбе өңірлерінде өте жиі ұшырасады — бұл жерлерде аурудың таралу деңгейі 40 — 67 % шамасында. Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның таралуы орташа деңгейде.
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25 % деңгейінде
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу әдістері және материалы
Зерттеулер Алматы облысы Райымбек ауданы Құмтекей жеке шаруа серіктестігінде, Кеген аудандық ветеринариялық зертханада, аудандық мал сою пункттарында және Қазақ ұлттық аграрлақ университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының паразитология ғылыми зертханасында жүргізілді.
Эхинококкозға күдікті малдарды зерттеу клиникалық (перкуссия, аускультация), індеттанулық және иммунологиялық аллергиялық (эхиноаллерген), серологиялық (КГАР) балау әдістері арқылы жүргізілді.
КГАР жалпыға бірдей ұсынылған әдістермен қойылып, әрбір пайдаланылған паразит ауруына сәйкес өзгертіліп отырды .
КГАР пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарынан 1-ден 8-ші шұңқырына 0,5 мл еріткіш құйылды. (Еріткіш ретінде 0,7% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді пайдаланылады). Сонан соң
ші шүңқырға 0,5 мл 1:25 қатынаста физиологиялық ерітіндімен езілген тексерілетін қан сарысуы қүйылды. Шприцпен 1-ші шүңқырдан 0,5 мл алып екінші шұңқырға ауыстырылып болған соң, барлық шұңқырларға 0,25 мл 1%-ті эритроцит диагностикумы құйылды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25°С) ұсталынды.
Реакция нәтижесі 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланды:
балл- эритроциттер түбі ойыс шұңқырлардың түбін түгелдей жұқа қабықпен жауып жатады;
3 балл- эритроциттердің жауып жатқан аймағы алдыңғыға қарағанда
аздау;
2 балл- эритроциттердің агглютинаттары аз, тек ойықтың түбінің ортасында көрінеді;
1 балл- эритроцит тұнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат- түйіршіктері байқалды.
Теріс реакция- эритроциттер ойық түбінде түйме сияқты болып бір жерге жиналып, шоғырланды. Тексерілетін қан сарысуының ең жогарғы титріне 3-4 балдық ерітінді алынды.
КГАР-ның сапалы жүргенін қадағалау үшін арнаулы тексеру шұңқырлары болуы керек:
шұңқыр-0,5 мл физиологиялық ерітінді және 0,25 мл эритроцитті диагностикум құйылған;
шұңқыр-0,5 мл қан сарысуының 1-50 ерітіндісі жэне 0,25 мл 1% қалыпты эритроцит құйылған.
Бұл шұңқырларда гемагглютинация реакциясы жүрмеу керек. Эритроцитті диагностикумды тексеру үшін алдын ала тексеріліп титрі көрсетілген иммунды қан сарысуы және қалыпты қан сарысуларын екі қатар шұңқырларға көрсетілген ерітіндіге дейін титрлеп, оларға эритроцитті диагностикум қосылады. Реакция иммунды қан сарысуы құйылған барлық шұңқырларда оң 3-4 балдық көрсеткіште, ал қалыпты қан сарысуымен теріс көрсеткіште болу … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz