Ақтөбелік ер адамның қолында петарда жарылды — Тосын жай

0

Жаңажылдық түнде ақтөбелік ер адам петарда жарылысы салдарынан саусақтарынан айырылды, — деп хабарлайды «Диапазон»

30 жастағы ақтөбелік ер адам жансақтау бөліміне түсті — оның қолында петарда жарылған. Ол отшашуды балконнан жармақшы болғаны айтылады. 

«Сағат тілі 12 болған сәттен кейін 21 минуттан соң қоңырау түсті. 30 жастағы ер адам балконнан отшашуды жармақшы болған. Алайда ол оның қолында жарылған. Жедел жәрдем тоғыз минутта жеткен. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр: оң қолы иығына дейін жараланған, ампутация, травмалық шок», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz